Ақмола облысында оқуға түсе алмаған түлек асылып қалды

68 просмотров

Ақмола облыстық құқық қорғау органдары өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген 17 жасар оқушының өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын мәлімдеді.

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

Хабарламада 8 тамыз күні Ақмола облысы Степняк қаласының жедел жәрдем қызметіне Еңбекшілер ауданының кезекші бөлімінен 11-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат келгені айтылады.

1999 жылы дүниеге келген жасөспірім өз үйінің шатырында асылып қалған. Оқыс оқиғаның неден болғанын, жасөспірімнің не себепті мұндай әрекетке барғанын тексерген құқық қорғау орындары оқушының өлер алдында анасына қалдырған хатын тапты.

Онда: «Ана, кешір мені. Мен сендерді ұятқа қалдырғым келмейді. Мен ешқандай оқу орнына түсе алмаймын»,-деп жазылған.

 Ата-анасын ұятқа қалдырғысы келмеген оқушының намысы, өкінішке қарай, ата-анасын орны толмас қайғыға қалдырарын жас жеткіншек бағамдай алмаған секілді. Оқуға түсе алмағаны үшін өз-өзіне қол жұмсау – ең оңай жол емес екенін айтқымыз келеді. Әрине, кімнің болса да тең құрбысынан қалмай қалаған оқуына түсіп кеткені барлығы үшін қуаныш. Дегенмен оқудан да маңызды құндылықтар барын ұмытпаған абзал.

 

Загрузка...