Пара алу күдігімен ұсталған Ақмола облысына қарасты аудандық прокуратура қызметкері 2 айға қамауға
алынды.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана қаласы Алматы ауданының №2 соты Бас прокурордың аға көмекшісі – жедел-тергеу тобы жетекшісінің пара алды деген күдікпен ұсталған Ақмола облысына қарасты аудандық прокуратуралардың бірінің қызметкерін 2 айға дейін қамауға алу ұсынысын толықтай қолдады», – делінген баспасөз баянында.