Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

9-қыркүйекте Мәсімов Назарбаевтан таяқ жейді

nazer_masimov-e1473245398170

Жемқорлық жайлаған ЭКСПО

galym-akulbekov-e1468304030235-300x300

Ғалым Ақылбеков

– Мысал ретінде салық жинаудың тиімсіздігін алайық. Осыдан біраз бұрын қаржы саласына жауапты мемлекеттік органдарды реформалау жүзеге асырылды, нәтижесінде, қаржы полициясы таратылып, мемлекеттік кірістер комитеті пайда болды. Қазір жаңа форматтағы жұмыстың алғашқы қорытындыларын шығаруға болады. Менің ойымша, соншалықты ауқымды жұмыс атқарылған жоқ. Үкімет салық жинаудың жаңа әдістерін енгізбеді. Мүлікті жалпыға бірдей жария ету, бұл жаңалық қандай да бір әлеуметтік толқулар тудырмауы керек болса да, ол кезең-кезеңмен кейінге шегерілуде. Менің ойымша,

мүлікті жалпыға бірдей жария етуге мемлекеттік аппараттың өзі дайын емес

Мен — үнемі салықтық есеп-қисап тапсырып жүрген кәсіпкермін, сондықтан электрондық үкімет бағдарламасының жеке тұлғалардың мүлігін жалпыға бірдей жария етуін енгізбей-ақ алға баспай отырғанын көріп жүрмін. Яғни,

электрондық құжат айналымын енгізу жөніндегі әу бастан озық саналған жоба, тіпті, жеке кәсіпкерлерін көлемін көтере алмаған. Көпшілігі қайтадан баяғы 90-жылдардағыдай қағаз есепке көшті

Президенттің көңілін толтырмайтын екінші дүние – ЭКСПО-2017 бойынша қаржының дұрыс пайдаланылуына жеткілікті бақылаудың болмауы.

– Жақында „ЭКСПО-2017 ҰК„ АҚ-ның басшысы Ахметжан Есімов 131 млрд теңгедей қаржының үнемделгені туралы айтты. Ендеше, қандай кінә тағылуы мүмкін?

– ЭКСПО бойынша қаржыны мақсатты пайдалануға және оны ұрлықтан қорғау мақсатында жеке бақылау жүргізіліп отыр.

Дегенмен,

қылмыстық топтар ЭКСПО-ны жағалауын қояр емес

Оларды жете бағаламау жөн емес.

Түптің түбінде, осы осы жасырын құрылымдар жобаны жүзеге асыруға тұсау болып, жұмыс көрменің ашылуына санаулы күндер қалғанда асығыс-үсігіс ,шала-шарпы аяқталмаса игі. Ал уақыт күннен күнге азая түсуде.

Үшінші айып, жаңа инфрақұрылымдардың жоқтығы болу мүмкін.

Үдемелі-индустриалдық даму бағдарламасы – даңғаза бағдарлама

– Ал үдемелі-индустриалдық даму бағдарламасын жүзеге асыру туралы не айтасыз?

– Мен бұл бағдарламаны жүзеге асырудың алдын ала нәтижелері бойынша қандай да бір көпшілікке түсінікті? Мағлұмат беретін сараптамалық есеп беруді көрген емеспін. Көп ретте, „барлығы жақсы, тамаша„ деп, уралаған мазмұндағы жарияланымдар ды көзіміз шалып жатады. Одан басқа ештеңе жоқ.

Ал ЭКСПО — мерзімі және мақсаты айқын нақты жоба. Бізге осындай жобалар қажет, олар нақты, арқаны кеңге салуға, асыра сілтеушілікке жол бермейді.

ЭКСПО өтер, одан кейін адами және қаржылық ресурстарды басқа жобаларға бөлу қажет болады. Ал олар қайда? Бұрын мен әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстар немесе сол ЭКСПО сияқты халықаралық ауқымды шараларды өткізуге сенімсіздікпен қарайтынмын. Алайда қазір анық болғаны — ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайындықтың пайдасы — қажетті инфрақұрылым жасалып, жаңа кластерлер салынады. Біз оларды көп жылдар бойы пайдаланатын боламыз. Ең бастысы — бюджет қаржысы нақты іске рет-ретімен жұмсалады. Атап айтарлығы, кемелденген елдерде мемлекет осындай істермен айналысады. Ол шағын және орта бизнестің ісіне араласпайды, барлығы жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылымдар мен жағдайлар жасаумен айналысады. Әрине, ЭКСПО, жол құрылысы — мемлекеттік деңгей. Сондықтан қазір нақты жобалар мен мақсаттардың болмауы жағдайында

мен үшін ЭКСПО өткізілгеннен кейін еліміздегі өмір тоқтап қалатын сияқты көңіл-күй тудырып отыр. Бұл жоба — ел өмірінің шыңырау шыңы іспетті

Теңге қайда барады?

– Теңге бағамының жағдайы президенттің наразылығын тудыруы мүмкін бе?

– Әлбетте, президентті валюта нарығындағы эмиссиялар бойынша қазіргі ахуалдың толғандыратыны заңды дүние. Теңге бағамын еркіне жібергеннен бері бір жыл өтті. Одан кейін девальвациялар орын алды, ал қазір бәрі тып-тыныш. Белгісіз бір жаққа жүзіп бара жатқан біз, біртіндеп батып бара жатқандаймыз. Бірақ, шын мәнінде, біздің қандай ахуалда екенімізді ешкім білмейді.

Ал нақтылық келесідей: теңгені еркіне жіберген мемлекет өзінің рөлін валюта нарығын қадағалайтын бақылаушыдан сол нарықтағы ірі ойыншыға ауыстырды.

Қазір, бір жыл өткеннен кейін валюта нарығы азда болса болжауға келеді, дегенмен қиындықтар да жоқ емес. Жеке өз басым, қазір жалпы не болып жатқанын, мемлекеттің валюта нарығын нарықтық реттеуі қаншалықты тиімді, оның қаншалықты пайдалы және қажетті екенін білгім келеді. Атқарылып жатқан шаралардың барлығы, шынымен, ойланып-толғанып істелген дүние ме әлде түйсікке сеніп, тұспалдап келеміз бе. Мен бұл жерде үлкен экономика туралы емес, валюта бағамы туралы айтып отырмын. Шын мәнінде, валюта нарығындағы ауытқуларға кім әсер етіп отыр? Теңгенің инфляция мен құнсыздануға бейім екеніне қарамастан, біз, шынымен, валюта нарығын қолмен реттеуден бас тарта аламыз ба?

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыз

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз