21-маусым: АҚШ доллары тағы құнсызданды

26 просмотров

ҚР Ұлттық банктің бүгінге бекіткен ресми бағамы 335,89 теңгені құрады. Ал кешегі ресми бағам 338,59 теңге болатын. Демек, бір күнде доллар  3 теңгеге құнсызданды.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 332,5-334,5 теңге аралығында сатып алынып, 335,5-337 теңге аралығында сатылып жатыр. Өткен күнмен салыстырғанда, бүгінгі бейресми баға біршама арзандаған. Соған қарағанда, бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы таңғы сессияда шетел валютасы тағы құнын жоғалтуы ықтимал.

ҚР Ұлттық банктің 18-20-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —380,73 теңге, ресей рублі — 5,24 теңге, 1 фунт стерлингі — 491,51 теңге, жапон йені— 3,22 теңге, 1 қытай юаньы — 51,05 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,97 теңге, 100 өзбек сумы— 11,48 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 20-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 335,89 теңге деңгейінде нақтыланды.

Загрузка...