1 миллион теңге сыйақы тағайындалды. Ақтауда 6 жасар бүлдіршінді қорлаған қаскөй әлі ұсталмапты

608 просмотров

Ақтауда 6 жасар бүлдіршінді қорлаған қылмыскерді полицияның ұстауына бір кәсіпкер көмектескісі келетінін мәлім етті.

Кәсіпкердің компаниясы бұл жантүршігерлік қылмысқа қатыстының қай жерде екенін айтқан адамға 1 миллион теңге төлеуге әзір деп жазады «Лада» газеті.

— Оның қай жерде екенін айтқан адамға өз қолыммен 1 миллион теңге ұстатуға әзірмін. Біз оны ұстауымыз керек. Ақшаны аяп тұрғам жоқ, тек одан нәтиже шықса болғаны. Біз де бақытты ету үшін қыз өсіріп отырмыз. Баламаздың қорланып, қорқынышта өмір сүргенін қаламаймыз. Әсіресе, бұл қылмыстың кішкентай бүлдіршінге қарсы жасалғаны өзекті өртейді. Енді оны қалай бақытты етуге болады? Ал қастандық міндетті түрде жазалануы тиіс, — дейді кәсіпкер.

Кәсіпорынның жетекшісі қолында ақпараты бар адамның дереу арада мына телефондарға хабарласып, сыйақысын алуына болатынын айтады: 47-48-10, 47-48-11, 47-48-52, 47-48-29, 47-48-26, 47-48-02 немесе 102.

Еске сала кетелік, 20-тамызда Ақтауда апасына еріп, дүкенге жұмысқа барған 6 жасар бүлдіршін жоғалып кеткен еді. Екі сағат бойына қызды жақын адамдары жан-жақтан іздеп, шарқ ұрады. Содан кейін барып, олар полицияға хабарласады.

4 сағаттан соң полиция қызметкерлері қансыраған қызды „Нұр Плаза„ жағалауына қарама-қарсы бау-бақша ауданынан тауып алады. Оны шұғыл түрде балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізеді. Дәрігерлер қызға зорлық жасалғанын растады. Қазір бүлдіршін қалалық балалар ауруханасында ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.

Құзырлы орган Ақтаудағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты күдіктіні түсірген видеоны жариялап, оған іздеу салды. 23-тамызда сол видеоға түсіп қалған күдікті ұсталған еді. Бірден бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер айтылмай отыр.

Демек, қомақты сыйақы тағайындаған кәсіпкер алдында ұсталды деген күдіктінің нақты қылмыскер екендігіне сенбейтін сияқты.

Загрузка...