Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Зиратқа бар!”. Елбасы өмірден түңілгендерге кеңес берді

2697

Тағы бір толғандыратын мәселе – ажырасу. 1 млн 500 неке қиылса, ажырасу 25-30%. Неге ажырасады? Өйткені мектепте жоғары сынып оқушыларын осы тақырып бойынша оқытпаймыз: қарым-қатынас, еркек пен әйелдің есеюі, қалай жүкті болады, одан не шығады (…). Психологияны өзгерту керек. Мектепте жұмыс істеу керек. Мұның ешқандай да ұяты жоқ. Бәрі адамға тән нәрсе. Сол үшін осыған мән беріп отырмын“, деді ол.

Оның сөзінше, мұның бәрі психологиялық мәселе“.

Неге ажырасады? Түрлі жағдай болады: біреу әке-шешесімен сыйыспайды, енді біреулерде баспана жоқ, тағы біреуінің айлығы жетпейді. Ең бастысы – дайын емес жастар отбасын құруда. Қыздар өз рөлін білмейді, ұлдар да мұның үлкен жауапкершілік екенін түсінбейді.

Егер семьяңды асырай алмасаң, жұмыс істемесең, әлі білім алмаған болсаң, онда ол семьяны құрмай-ақ қоюыңа болады емес пе?

Міне, осыны жастарға кім айтады? Біреу айту керек! Осыны мектептен бастау керек“, – деп санайды екен мемлекет басшысы.

Содан кейін президент өмірден түңіліп кеткен қазақстандықтарға өз ақылын қосты.

Біз өмірімізге жиі шағымданамыз: анау жетпейді, мынау жетпейді дейміз.

Егер түңіліп бара жатсаң, бар, аурухананың ішіне кіріп шық. Болмаса зираттың ішінде жүріп қайт.

Ол жерде жағдайы сенікінен де қиын біреулер жатыр. Біз – қол-аяғымыз сау бола тұра: “ой, қиын болдыдеп жылаймыз. Олай емес. Бұл өмірде бәрі мүмкін. Басыңды көтер де жұмыс істе. Міне, мәселе осында жатыр. Жастарға осыны үйрету керек“,

деді Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз