Испаниядан бөлініп, тәуелсіздік алғысы келіп жатқан Каталонияны Украинамен еш салыстыруға келмейді.
Мұның себебін саясаттанушы Айдос Сарым Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
„Бір де бір мемлекет тәуелсіздікке ұмтылған өзге этникалық қауымды ұзақ тізгіндеп ұстай алған емес. Бірақ ол Испанияның қолынан келді.
Испаниядағы каталондықтар Ирак пен Түркиядан ажырағысы келетін күрдтер немесе Ресейден азаттығын алғысы келетін кавказ бен түркі халықтары секілді.
Әрине, бұл арада ақпарат жағына күмәнмен қарау керек. Иә, ресейлік БАҚ-тар бұл жаңалықты мәз-майрам боп, шулап беріп жатыр. Құлап жатып, сүрінгенге күледі дегеннің кері ғой бұл.
Оны қойшы, бұл арада қуанса, испандық пен каталондықтар қуануы керек. Мәдениеттіліктері, кісіліктері үшін! Ұзақ жылдар бойына бір-біріне базынасы бар екеуі де қолына қару алмады.
Сондықтан да көбісі бұл мәселеден хабарсыз. Әйтпесе, олар да өз тәуелсіздігі үшін ұзақ күресіп келеді.
https://kaz.365info.kz/akhsh-pen-soltystik-koreya-sogyssa-khazakhstanga-khiyn-bolady-sayasattanushy-281805
Каталондықтардың көшбасшысы өздерін жеңді деп санап жатыр. Өйткені бейбіт түрде бас көтере алатынын, азаттыққа деген құштарлығын бүкіл әлемге көрсете білді. Бұл мәселені де бейбіт жолмен шешуге болатынын, басқаларға үлгі ете алатын бірден бір мемлекет екендіктерін де дәлелдемек.
Бірақ бұл арада бір шындық бар. Каталония Испаниясыз, Испания Каталониясыз қазір өмір сүре алмайды. Бөлінсе, Каталония өз артықшылығынан тез айырылып қалады, ал Испания Каталония тәуелсіздігін өлсе де мойындамайды. Ал бұл ұзақ жылдарғы ішкі дағдарыстың орын алатынын аңғартады.
Бәрібір келіссөз жүргізбесе болмайды. Каталония біртіндеп өз құқығын талап етіп, азаттыққа ұмтыла береді. Мүмкін, 1978 жылы қабылданған Конституцияға өзгерістер де енгізілетін шығар. Федерализация бөлінісі тұрғысында ма?
Қалай дегенмен де каталондықтардың потенциалы мықты, олардың қолынан бәрі келеді, өйткені әлемде жұмылу жағынан оларға тең келетін ұлт бірен-саран„, – делінеді саясаттанушының жазбасында.
https://kaz.365info.kz/ajdos-sarym-ehro-men-abu-dabidagy-tobelestin-khandaj-bajlanysy-baryn-ajtty-279936
Айта кетелік, Каталония – Испанияның ең бай өңірі. Барселона Каталонияның астанасы болып қана қоймай, Испанияның экономикалық астанасына да айналған. Бұл өңірдің табысы Испанияның бүтін жалпы ішкі өнімінің 20 процентін құрайды. Ол Испаниядағы ең индустриальдық дамыған өңір боп саналады. Бұл жағынан ол Мадридтің өзін басып озады.
https://kaz.365info.kz/osy-zholy-bari-bitedi-sarapshy-resejge-salynatyn-sanktsiyanyn-symdykh-khypiyasyn-ashty-276042
Міне, осыған қарамастан, жалпымемлекеттік бюджеттен бұл өңірге бөлінетін ақша өте мардымсыз. Бюджет жағынан алалаушылыққа ұрынып отырғандарына 10 жылдан асқан. Каталондықтар осы үшін қатты наразы. Оған қоса, бұл арада ұлттық фактор да үлкен рөл атқаруда.
Иә, Каталония өз президенті мен парламенті бар Испаниядағы автоном жұрт. Каталон тілі де ресми тіл болып саналады. 1659 жылы Каталония Испания мен Франция арасындағы бөлек патшалық болған екен.