Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жүргіш жігіт. Жезөкшеге кеткен қайран ақша, күш-қуат…

1175

«Таксовкаға бара жатырсың ғой, мені орталыққа ала кет. Ақыңды беремін» деп мен ауыз ашқанша мініп алды. Жүріп кеттім.

Қатып киінген. Иіссуды өлгенше сепкен екен. Бұрқырап тұр.

«Менікі сол қыдырыс қой, бауырым» деді. Мен ешнәрсе сұрамасам да.

Бұл ағайдың аты Сәрсен. Қанша жыл болды, көршіміз. Бір білетінім, өзінің шағын кәсібі бар. Кәсіпкер. Ол тірілігі қалай жүріп жатқанында шаруам жоқ.

Әйтеуір жүргіш екенін білемін. Ара-тұра әңгімелесе қалсам, «бұл өмірде әйел деген затқа тоймай-ақ кететін сияқтымын. Біріне қол жеткізсем, жалт-жұлт етіп екіншісі шығады, оны ретін тауып аунатсам, үшіншісіне құмартып қаламын. Әй жалған дүние-ай, әйелдің етегіне телміртіп қойған», деп қыз-келіншектер жайында әңгімені қыздырып жіберетін.

«Аңсап жатып, қол саласың…». Кәрі қыз жеке өмірі туралы ойын ашып айтты

«Аға, мына айналадағы басы бос орыс-қазақ, ұйғыр-кәріс қыз-келіншектерін бітірдің. Былайғы барып жүргендеріңіз қаншама, Алматыда сіз бармаған әйел жоқ шығар. Олардың бәрін сыйқырлы болмасаң қалай түсіріп кетіп жүрсіз?», деп сұрағанмын бірде.

«Ой, бауырым соны да білмейсің бе? Оларды мен емес, менің қалтамдағы ақша түсіріп жүр. Мына заман – ақшаның заманы. Ол болса бәрі болады. Ол болмаса, ешнәрсе болмайды. Кәрі бұқадай, кәрі қатыныңның етегін иіскелеп, ошақ басынан шықпайсың. Құдайға шүкір, бизнесім дөңгеленіп жатыр. Ақша бар. Ақша бар жерде сұлу қатын, сұлу қыз бар деген сөз», деп шіренген.

Міне, тағы шауып барады. «Бұл жолы кімге бармақсыз?» дедім.

«Бір алыс танысымның сұлу қарындасы бар екен. Соны жұмысқа алшы деп жабысып жүр. Кеше ол қыз алдыма келіп кеткен. Дене бітімі жұп-жұмыр, сұп-сұлу екен. Ондай қызды неге жұмысқа алмайын, аламын әрине. Біріқ өзімше бәлсініп, «көрейін» деп мардымсынып едім, «Ағай қаржы жағынан қиналып жүрмін. Қалайда алыңызшы, айтқаныңыздан шықпаймын» деп менің көкейімдегіні оқып қойды. Қу екен. Содан «кеңірек отырып сөлесейік» деп бүгін кафеге шақырғанмын. Келісті. Демек, ол қыз бәріне «келісті» деген сөз. Қазір біраз ішіп-жеп отырған соң, ары қарай қонақ үйге жетелеп кетемін ғой. Көнбей көрсін, Жұмысқа тұрғысы келсе көнеді де, қайда барады? Солай біздің тірлік», деп Сәрсен ағай керіліп қойды.

«Үйдегі жеңгей үндемей ме?» деп едім, «Ол біледі. Менің жүретінімді. Бірақ не істейді? Табыс тауып, қолын жылы суға малып отырмын. Балаларымның ішкені алдында, ішпегені артында. Бүкіл өзімнің оның туыстарына да қарасып жатырмын. Осының бәрін көріп отырып, үндемейді. Тіпті үндегенде не дейді? Елуге келді. Кемпір. Бәрібір жас қыздай бола алмайды. Соны сезіп, әйтеуір табыс тауып үйге әкеліп жүргені ме, өзгемен кетіп қалмай отбасыма қарап отырғаныа шүкіршілік етеді де? Басқа оған жол қайда?», кеңк-кеңк күлді.

Сәрсен ағаны айтқан кафесінің алдына әкеліп тастадым. Ол болса, өзін күтіп тұрған жап-жас сұлу қыздың қолын алып, бетінен сүйіп, қолтықтап ішке кіріп кетті.

«Шіркін, ақша не істетпейді. Қалтасында дымы жоқ болса, ана сұлу қыз мына месқарынға бұрылып та қарамас еді-ау», деп бір күрсініп ары жүріп кеттім.

Жүріп келе жатып Шалқар деген досым есіме түсті. Ол да жүргіш. Үйіне барсаң ішірге асы, сығарға биті, үрерге иті жоқ қайыршы. Сөйтіп жүріп қызға барғыш. Рас, кезінде ол да кәсіпкер болған. Бірақ тапқан-таянғанын саунаға, бильярдқа, жезөкшелерге шашып, банкрот болған. Қазір жаман машинасын мініп алып, Алматының көшелерінде такси болып, күн көріп жүр. Сонда да қызға барғыш.

«Пәтер үшін көнеді». Шалмен төсектес болған өрімдей қыздар

«Әй, тапқаныңды үйіңе апарсаңшы» деп кейде ұрсамын. Әрине, досым болған соң, жаным ашыған соң.

«Үйге қанша апарсаң да жетпейді. Шаршаймын. Содан бес-он мың теңгені бір демалайын деп жезөкшелерге жұмсаймын. «Ауру қалсада әдет қалмайды» деген рас екен. Аптасына кем дегенде, бір қызбен жатпасам, бір нәрсе жетпегендей боламын. Қиын. Бүгінге дейін мың төрт жүз қырық жеті қызбен жатыппын. Оның мыңға жуығы орыс, славян қыздары, қалғаны өзіміздің қаракөздер», деп сонымен қоймай мақтанатыны бар.

«Сол жезөкшелерге қанша ақшаң кетті, соны отбасыңның игілігіне жұмсасаң нетті? Жаңа машина мініп, жақсы үй салып шалқып жүрер едің ғой» деп ренжіп едім, «Е-е дос-ай, сол қатындарға талай миллион кетті ғой. Сен секілді ақшаға қатты болсам, шалқып жүрер ме едім, қазір кейбір достарым шірік Шалқар деп атайтын болды. Өйткені машинамның біраз жері шіри бастады. Соны жасатуға ақша қимаймын ғой. Бірақ қыздарға келгенде мырза болып кетемін», деп күрсінген.

Сол Шалқар дос есіме түсті.

«Сәрсен ағайдікі тойып секіру, ал Шалқар досымдікі қай секіру?» деймін іштей ойланып.

Рас, бүгінгі күні букмекерлік кеңселерге барып, спорт ойындарына жүз мыңдап, миллиондап ақша тігіп, ұтылып қалып қарадай жүйкесі тозып, қарыздан-қарыға кіріп жүргендер қаншама?

Ал Шалқар секілді қатынқұмарлар да солардан асып кеткені шамалы. Айырмашылығы – бірі букмекерлік компанияларға барып ақша шашады, екіншісі жезөкшелерге барып ақша шашады.

Сосын тоз-тоз болып жүйкелері жұқарып жүргендері. Соның бірі осы Шалқар досым.

Сондай тірліктің кайфіне кіріп, шырмалып қалғандарды түзеу қиын шығар. Қайдам?

Жолдасбек Мырза

«Шалқар аға алдап кетті!». Пәктігін жоғалтқан студент қыздың оқиғасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз