Қазақстанда 3-5 сәуірде ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш тәулікте антициклонның ықпалымен Қазақстанның көптеген облыстарында ауа-райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы көтеріледі», – делінген хабарламада.
5 сәуірде солтүстік және шығыс облыстарда күндіз ауа температурасы плюс 5…13 градус, оңтүстікте плюс 20…28 градусқа дейін көтеріледі. 4-5 сәуірде батыста жаңбыр жауып, күн күркірейді және жел соғып, ауа температурасы төмендейді.