Белгілі журналисі ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.
Журналист Геннадий Бендицкий ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды. Қайғылы хабарды журналистің достары мен әріптестері растады.
Геннадий Бендицкий ұзақ уақыт бойы КТК арнасында бірқатар ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның шығарушы редакторы болды, “Время” газетінде жұмыс істеген жылдары көпшілікке танылды. Соңғы уақытта ол Ratel.kz ақпараттық ресурсында жұмыс істеді.
Журналистің қазасы оның туған күнімен сәйкес келді. Бендицкийдің Facebook-тегі парақшасында оны әріптестері мен таныстары құттықтап жатыр.
Дереккөз: sputniknews.kz