Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жазғы лагерлерде демалу құны қанша

155
lager-zhizn.org

Білім басқарармасының мәліметінше, қалыптасқан дәстүр бойынша қала сыртындағы «Арман», шатырлы «Батыр» және киіз үйлі «Тұлпар» лагерлері өз есіктерін ашады. Сонымен қатар, 1-4 сынып балалары үшін қаладағы 77 мектептегі лагерлер қызмет етеді, бұл жерде тамақтандыру үшін күнделікті төлем 700 теңге болды.

«Ал 5-6 сынып оқушылары мектеп жанындағы спорттық-ойын алаңдарында уақытын қызықты өткізсе, 8-10 сыныптағылар «Айбынды маусым» әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға қатысады. Мұнымен қоса, қаладағы Оқушылар сарайында «Балалықтың бойтұмары» және «Шығармашылықтың жазғы мектебі» атты демалыс шаралары ұйымдастырылады», – делінген Елорда Инфо мәліметінде.

Оның бағдарламасына суда жүзуге үйрету, лингвистика сабақтары, театрлық студия және басқа да дағдыларға екпін қойылады.

Ақысыз жазғы демалыспен мына топтар қамтамасыз етіледі:

• мемлекеттік атаулы әлеуметтік алуға құқы бар отбасылардың балалары;
• күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасынан жан басына шаққандағы табысы төменірек болған атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын отбасылардың балалары;
• жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар.

Осы орайда баланы тегін жазғы демалыспен қамту үшін мектепке мына құжаттарды ұсыну керек:

• жазбаша өтінім;
• қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
• баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• оқушының медициналық анықтамасы.

Нұр-Сұлтанның сыртындағы сауықтыру лагерлерінің біріне жолдама алу бойынша ата-аналар барлық сауалдарын +7 771 118 88 84 телефон нөмірі бойынша біле алады. Ал Оқушылар сарайы жанындағы жазғы лагерлер туралы мына телефон нөмірлеріне хабарласып, сұрауға болады: 70-12-55, 70-12-76, 70-12-21

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз