Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Жасыл экономикаға бөлінген қаржының пайдасын жемқорлар көріп жүр — шетелдік БАҚ

244

Foreign Policy журналы БҰҰ-ның экологиялық бағдарламаларындағы жаһандық сыбайлас жемқорлықты тергеу нәтижелерін жариялады.  Ресей азаматы Дмитрий Ершовтың ашық видео үндеуі тергеуге себеп болды. Ол жылдар бойы парниктік шығарындыны азайту бойынша ресейлік жобаның аясында БҰҰ аудиторы және кеңесшісі болып жұмыс істеді. Ол жобаның негізгі халықаралық демеушілеріне үндеу жасады, оның мәні БҰҰ тоналуда дегенге келеді.

«Донор елдер, БҰҰДБ сіздің ақшаңызды ұрлауға және оны жылдар бойы жасыруға жол бермеңіздер», — дейді ол.

Бұл жемқорлық емес, ережелерді түсінбеу

Foreign Policy жазғандай, Ершов — 10 жылға жуық уақыт бойы «жасыл бағдарламалардан түскен миллиондаған долларды заңсыз иемдену» туралы өз алаңдаушылығын білдірген ондаған бұрынғы аудиторлардың бірі.

Бірақ олардың 2011 жылдан бастап айтып келе жатқан пікірін Стамбул, Нью-Йорк және Вашингтон басшылары, сондай-ақ АҚШ-ты қоса алғанда, донор елдердің үкіметтері елемеді.

Foreign Policy көптеген құжатты, соның ішінде БҰҰ-ның ішкі құжатын зерттеді. Агенттік қызметкерлері негізгі ойыншылармен бірқатар сұхбат жүргізді және Ершовтың тұжырымдарын растайтын көптеген қосымша дәлелдер тапты.

Мысалы, 2017 жылғы БҰҰ ресейлік бағдарламаларға құпия тексеру жүргізді, алайда оның нәтижесі осы уақытқа дейін жарияланбады. Бірақ

«2010-2014 жылдар аралығында жобаны жүзеге асыру үшін алынған миллион долларды біреулердің иемденгенін» дәлелдейтін айғақтар бар.

Тәуелсіз тексеру нәтижесі БҰҰ-ға берілді. Кейіннен БҰҰДБ аудит және тергеу басқармасы жүргізген тергеу,

«қаражатты заңсыз иемденуді көрсететін ешқандай дәлел табылған жоқ, бірақ жобаны басқару белгіленген стандарттарға сәйкес келмеді деген қорытынды жасалды».

БҰҰДБ мұндай тұжырымы әлемдегі ең үлкен проблемалардың бірін шешуде өсіп келе жатқан халықаралық бюрократия туралы түсінік береді, деп жазады Foreign Policy. Сондай-ақ, бұл БҰҰ-ның ықтимал сыбайлас жемқорлықты бақылаудағы немқұрайлылығын көрсетеді.

Ресейлік бағдарламада БҰҰДБ тергеушілері қаражатты иемденді деп айыпталған лауазымды тұлғаларды ақтап алды. Олар

«БҰҰ-ның қызметті пайдаланудың алдын алуға бағытталған ережелерін бұзғандығын толық түсінбеген» дегенді негізге алды.

Ресей көптің бірі ғана

Ғаламдық Экологиялық Қор 1991 жылы планетаның ең маңызды экологиялық проблемаларына қарсы халықаралық күш-жігерді қаржыландыруға көмектесу үшін құрылды. Қордың веб-сайтының хабарлауынша, соңғы ширек ғасырда ол 18 миллиард доллардан астам грант берді және 170 елде 4 500-ден астам бағдарламаға 94 миллиард доллардан астам қаражат жинауға көмектесті.

Foreign Policy ресейлік бағдарлама БҰҰДБ-ның ЖЭҚ қаражатының дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ете алмағанын айдан анық көрсетеді деді. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2010 жылдан бастап ЖЭҚ Ресейде энергия тиімділігін арттыруға 40 миллион доллардан астам қаражат жұмсаған.

Бірақ 2017 жылдың қыркүйегіндегі ресейлік жоба жеті жыл және донор елдердің миллион долларлық инвестициясынан кейін бағдарлама «парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қол жеткізе алмады» деген қорытынды шығарды.

Туған-туыстарға қолдау көрсету керек

Жоба жетекшілерінің бірі, білім министрлігінің аға қызметкері Алексей Антропов 2016 жылы жобадан шығып, министрліктегі қызметінен кетті. Ол бөлім бюджетінен 53 миллион рубль ұрлаған бастағының қылмыстық ісіне қатысты деп айыпталды.

Жобаның тағы бір жетекшісі Наталья Олофинская Мәскеуден Стамбулға көшті. Тиімді жұмыс істегенімен, оның қызметі өсті,  өйткені оған басқа елдердегі жобаларды басқару тапсырылды.

Foreign Policy жазғандай, БҰҰДБ орталық офисінің өкілдері бұл тақырыпқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ал Олофинскаяның субъективті баға берілген деп жазбаша жауап берді.

«Есептегі бірқатар мәлімдемелер фактілермен расталмады», —деп жазды ол.

Бірақ бағдарлама жай ғана тиімсіз емес, жемқорлыққа қатысты болуы мүмкін. Сарапшылар 2019 жылы БҰҰДБ өкілдеріне ұсынған құпия қосымшаға сәйкес,

«…ҒЭҚ жобасының едәуір бөлігін, 7,8 млн доллар сомасын қасақана иемденудің айқын белгілері бар. Бұл ақшаның төрт миллион доллары 2010 жылдан 2014 жылға дейін жобаның мақсаттарын орындау үшін нәтижесіз жұмсалды».

Сонымен қатар, кеңесшілер бірқатар мәселелерді анықтады, соның ішінде келісімшарт тендерлері әдетте жобаны басқаратын ресейлік шенеуніктердің туыстарына берілгені анықталды.

Бұл құмға құйған судай…

2014 жылдың маусымында ресейлік бағдарламалардың аудиторы және кеңесшісі болып жалданған Беларусь азаматы Юрий Пашик БҰҰ бағдарламасы мүдделер қақтығысына толы екенін айтты. Оның айтуынша, аудит нәтижелері бойынша, 2010 жылдың маусымынан 2014 жылдың маусымына дейін жоба Кеңсесі дайындаған 33 есептің 29-ының «өзектілігі шамалы немесе мүлдем пайдасыз болды».

Пашик Foreign Policy-ге БҰҰДБ-ның ресейлік кеңсесі,  жоба туралы неғұрлым қолайлы есеп бермесе, оның төлемін кешіктіреміз деп қорқытқанын айтты.

Пашик бас тартқаннан кейін 2015 жылы БҰҰДБ-ның Мәскеудегі кеңсесі оның келісімшартын ұзартпады.

Foreign Policy-ге берген сұхбатында Пашик ақшаның қолдан-қолға ауысқанын көрмегенін айтты, бірақ «жобалық құжаттаманы талдау, жобаны басқару схемасы негізінде бұл жерде сыбайлас жемқорлықтың ізі бар деп қорытынды жасай аламын».

Агенттік АҚШ, Канада және Норвегияны қоса алғанда, негізгі донорлармен байланыс орнатты. Бірақ бұл үкіметтер БҰҰДБ-ның пікірлеріне бағынышты. Атап айтқанда, олар «ықтимал сыбайлас жемқорлық ісінде БҰҰДБ-ның тергеуіне» толық сенетіндерін хабарлады.

«Экологиялық бағдарламаларды қолдауға үлкен қаражат жұмсайтын бай елдер бар», — деді Пашик. «Ақыр соңында, бұл ақша құмға құйған су сияқты жоғалады».

Foreign Policy талдау нәтижесі бай елдерде жасыл экономиканың жақсы дамыған деп жазды. Бірақ донорлық құралдарды қолданатын мемлекеттердің даму нәтижелері он жыл бұрынғы көрсеткіштерден аса ерекшеленбейді.

Айтпақшы, маусым айында ЖЭҚ кеңесі үшінші елдерде жасыл экономиканы дамытуға $850 млн астам бөлуді бекітті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз