Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жас мамандар неге Ресейден кетіп жатыр?

380

Шетелде білім алуға құмар Ресей жастарының саны жыл сайын өсіп жатыр. Еurasianet.org желілік басылымның хабарлауынша, соңғы 10 жылда шетелдік ЖОО-ларды таңдағандардың саны үштен бірге артты. Олардың ішінен Отанына оралатындардың саны белгісіз. Бірақ кейбір деректер бойынша оралатындар өте аз. Мамандардың пікірінше, жастар шетелдегі мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келеді.

Студенттер Еуропада не үшін қалғысы келетінінің бірнеше себебін атады. Бұл экономикалық тұрақтылық, мансап жолындағы мүмкіндіктер, орта тап өкілі болу, қолайлы экология және іштей қорғаныс сезімі. Ресейде, олардың пікірінше,

қабілетті және дарынды адамдарға “алғы шепке шығу қиын, себебі ел бір орнында тұр»

Оқуға кетіп жатқандар қанша?

ЮНЕСКО-ның соңғы қол жетімді мәліметтері бойынша шетелде оқып жатқан ресейлік азаматтардың саны 2012 жылдан 2016 жыл аралығында 12%-ға 56,8 мың адамға өсті (бұл Ресейдегі барлық студенттердің 1%-ға жуығын құрайды). Бұл 2007 жылдан 32%-ға (43 мың) және 2000 жылдан 127%-ға (25 мың) артық.

2018 жылы Еуроодақта ресейлік азаматтарға оқу мақсатында тұруға алғаш рет берілген рұқсаттардың саны 12,7 мыңды құрады. 2014 және 2018 жылдар аралығында жыл сайын ЕО-ға шамамен 12-16 мың ресейлік оқуға келген.

Сонымен қатар, оқудан өзге мақсаттармен Еуропада тұруға рұқсат алған адамдар да көбейген. Мысалы, 2018 жылы отбасылық, жұмыс және басқа да себептер бойынша ЕО-ға 56 мыңға жуық ресейлік келген.

АҚШ-та 2017-2018 оқу жылында 5,5 мың ресейлік білім алған — бұл 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 12,7%-ға артық.

Канадада

2010-2011 жылдар аралығында Ресейден келген студенттер саны 71%-ға өсті (1,1 мың адамға дейін).

Кейде олар қайтып келеді

Шетелде оқуын тәмамдағаннан кейін Ресейге оралған азаматтар бойынша статистика жоқ. Алайда, олардың көпшілігі шетелде қалады деп пайымдауға негіз бар.

“Атлантикалық кеңес” талдау орталығының зерттеуіне сәйкес, шетелде тұратын ресейліктердің 25%-ы шетелде оқуын аяқтағаннан кейін елде тұрақты тұру құқығына ие болғандар. Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, 2000 жылдан бастап 2019 жылға дейін РФ-н жалпы алғанда 1,6-2 млн ресейлік азамат кеткен, осы аралықта оқудан кейін шетелде қалғандар 400-500 мың адамды құрауы мүмкін.

Осыған орай, Ресей 2018 жылы шетелге тұрақты тұруға кетуді қалайтын 18-24 жастағы азаматтардың саны бойынша бес жылдық максимумға жетті. 2018 жылдың шілде айындағы болжам бойынша — 31%.

Неге олар қайтып келмейді

Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген Галина Борисова қос диплом бағдарламасы бойынша Дат университетіне оқуға түскен. Енді бір жылдан кейін бағдарлама шарты бойынша Амстердамда оқуын жалғастырады. Және eurasianet.org басылымына мәлімдегендей — бойжеткен Еуропада қалуды жоспарлап отыр.

“Мұнда мен жоғары жалақымен қатар, ертеңгі күнге деген сенім бар. Тұрақтылық пен тыныштық. Оның ішінде тұрақты валюта бағамы, бизнестің дамыған жеке секторы. Сонымен қатар, нарық кең, көптеген компаниялар, көптеген мүмкіндіктер бар”, — дейді ол.

“Данияда мен суды краннан ішемін. Мұнда ормандар таза. Қаланы табиғатпен үйлестіре отырып салған. Тағы бір себеп — орта тап болу мүмкіндігі. Бұл жерде ондай бар және ол білінеді. Сізге лайықты өмір сүру үшін миллиондаған ақша табудың қажеті жоқ. Және де зейнетақыны айтпай өтпеуге болмайды. Мұнда 60-65 жастағы зейнеткерлер балаларымен саяхаттайды, бұл ресейлік зейнеткерлерге қол жетімді емес”, – дейді ол.

ММУ журфагының түлегі Ани Оганесян 2017 жылдың жазында Еуропаға оқуға кеткен. Ол да қос диплом бағдарламасы бойынша Дат университетінде білім алып жатыр. Үшінші университет ретінде ол University of Amsterdam “саяси коммуникация” мамандандығын таңдады.

Және ол Ресейге оралғысы келмейді.

“Маған Ресейде көп нәрсе ұнамайтын. Ең бастысы, өзім үшін 10-20 жылға, ұзақ мерзімді перспективаларды көрмедім. Шетелде өте жайлы, бәрінің бір мәні бар сияқты”, — дейді ол.

“Ресейдің мемлекеттік күн тәртібінде өз халқының мәселелері емес, басқа елдердің мәселелері жиі тұрады. Ресейде жұмыс істесем, саяси коммуникациядағы өз білімімді қалай қолдана аламын? Саяси сахна мен қоғамдық сала жоқ ” – деп түсіндіреді Оганесян.

Жастардың эмиграциясын тоқтату

Жас мамандардың шетел асуы Ресей үшін өткір мәселе болып тұр. Үкіметтік “Парламенттік газетте” жастар кәсіпкерлігіне жәрдемдесу ресейлік орталығының басшысы Михаил Колтуновтың мақаласы шықты. Ол шетелде білім алған жастардың төрттен бірі ғана Ресейге оралатынын мәлімдеді. Оның пікірінше, егер шара қолданбаса, 10-15 жылдан кейін кәсіби кадр жетіспеушілігі анық байқалатын болады.

Алдын алу шаралары жасалып жатқанын да атап өткен жөн. Шетелде білім алған азаматтарды Ресейге қайтару үшін төрт жыл бұрын үкімет “Жаһандық білім” бағдарламасын жасады. Мемлекет шетелде білім алғысы келетіндердің ақшасын төлеуге дайын, бірақ Ресейге оралып, мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуі тиіс деген шартпен.

Алайда бұл бағдарламаны қолданғандардың саны аз. 2014-2018 жылдары бағдарлама арқылы барлығы 718 адам оқыған, оның ішінде жұмысқа орналасқандар 2019 жылдың шілде айындағы мәліметтер бойынша — 325 адам.

Колтунов атап өткендей, студенттер шетелге бірінші кезекте білім алу үшін бармайды. Оларды мансап жасап, жоғары жалақы аламын деген үміт жетелейді.

Шетелде білім алу — иммиграцияның бір құралы болып отыр. Мысалы, тұрақты тұруға көшуге көмек көрсететін компаниялар клиенттерге білім алуға дәл осындай көзқараспен қарауды ұсынады.

Ал Қазақстан ше?

Еуростат ресурсының мәліметтері бойынша, Қазақстаннан келетін студенттердің саны азайып келеді. 2016 жылы 4 157 қазақстандық білім алу визасын (кейін Европада қалуға мүмкіндік беретін) алған. 2017 жылы 3 660, 2018 жылы 3 441 виза берілген.

АҚШ-тың халықаралық білім беру институтының мәліметтері бойынша өткен жылы Қазақстаннан келетін студенттердің өсімі байқалған — 4,1%, ал жалпы саны — 1865 адам.

Өз кезегінде ЮНЕСКО 2018 жыл бойынша келесі деректерді келтіреді:

Шетелде 89 505 қазақстандық білім алып жатыр. Олардың 69 895-і Ресейде оқиды.

Бірақ, ЖОО-ны бітіргеннен кейін қаншасы Қазақстанға қайтып келуді жоспарлап отыр — мұндай статистика жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз