Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жарылқап Қалыбайды не үшін қорғадық?”. Белгілі блогер Air Astana-дағы даудың басын ашты

101

Айтуынша, 10 мың метр биіктікте тілдің жыртысын жыртқан болу ақымақшылық. 

“Тірісінде кісі баласына тəйт демейтін Сəбит Бəйтеновтың өзі маған заһарын шашып жатқанына қарап, ұлт алдында опасыздық жасадым-ау деген ойды ой мазалап жатыр. Мазаланғанда сол, қазір Еревандағы либан мейрамханасынан тыңқия тойып алып, аяқ демалдырар армян спасын іздеп жүрген.. А-а, иə, Air Astana бортында болған қазақ тілін қорғау акциясына қатысты ойым еш өзгермеді. Маған мұндай арзан трюк ұнамайды, тіпті, ырқ-ырқ етіп күлкім келеді.

Жарылқап Қалыбай ағамызды осыған өте ұқсас жағдайда қорғап жазғам – “Амангелді батыр, шауып келе жатыр” деп. Қайдағы, бүкіл салон оған қарсы арыз жазды, ішімдік ішіп, шу көтергені анықталды, кейін өзі мойындады. Ал, не болды ал?

Сол секілді Доған жағдайында оған қарсы арыз жазған төртеу кім деген үлкен сұрақ туды.

Оғыз Доған

Өзім шетелде жүрсем де, Эйр Астананың баспасөзіндегі аға маман Тілек Əбдірахимовпен хабарластым. Төрт куəгер де пассажир деп отыр.

Қонар кезде үстелшені түсіру – қауіпсіздік талабы. Негізі, ішкі микрофонмен бұл жайында үш тілде де ескертіледі, мүлдем айтпады деуге келмейді.

Қысқасы, жігіттер, 10 мың метр биіктікте бір тілдің жыртысын жыртқан болу – тым арзан ойын. Шын мықты болсақ, Шона секілді əр үйдің есігін қағып, қазақ мектебіне бала жинау, Асхат секілді блоггингті қазақшалау керек шығар. Ал былай… білмедім, дешево дим”, – деп жазды Өркен Кенжебек.

Айта кетсек, Air Astana ұшағындағы оқиғаның арты дауға ұласты. Бортсеріктен қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұраған түрік азаматы қамауға алынып, оған айыппұл салынды.

Сіз қалай ойлайсыз, оқырман қауым. Блогер дұрыс айта ма, бұрыс айта ма? Бұл шынымен арзан ойын ба? Түрік азаматына бұл қажет пе еді өзі?

Ол бар болған борт қызметкерден ережені қазақ тілінде түсіндіруді талап етті ғой…

https://youtu.be/o7tL6YQIYfU

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз