Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Димаш итальянша әнді ариямен қоса шырқап, шалқасынан түсті (видео)

233

https://kaz.365info.kz/mynsha-korermen-tyrganda-men-khajda-ketem-dimash-khytajda-khalatynyn-ajtty-video-255245

Жобаның талабы бойынша 10-шы болып сахнаға шығатын әнші өзінен кейінгі 9 әншіні белгілейді. Оныншы болып өнер көрсететін Линь Чжисюань Димашты тоғызыншы болып шығуға белгіледі, ал Димаш сегізінші әншіге Lion тобын таңдады. Димаш жартылай финалда итальяндық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әніне «5-элемент» киносының «The diva dance»-ті қоса шырқады.

https://kaz.365info.kz/khytaj-fanatynyn-dimashkha-tartu-etken-syjlygynyn-syry-belgili-boldy-foto-257503

Айта кетейік, жартылай финал әншілердің байқауда соңғы рет жеке өнер көрсетуі. Сондай-ақ, бұған дейінгідей нақты рейтинг құрылмай, ақтық сынға 8 әнші жолдама алады. Шешуші бәсекеде әр әнші елге танымал әншілермен жұптасып өнер көрсетіп, екі кезеңдегі нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталады.

10 кезең және жартылай финалдағы нәтижелердің қортындысы бойынша Гонгкок қаласының тумасы Лин Илианның (Sandy Lam) рейтингі орта есеппен 2,58 болып бірінші орында, ал Димаш 2,73 болып ІІ-орында тұр. Еске сала кетейік, байқаудың ақтық бәсекесін 15 сәуір күні отандық «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирден тамашалай аласыздар. Бұл күні Димаш қытайлық танымал әнші Шаң Венжемен бірге әншырқайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз