Мысалы, Ресейде сумен қамтамасыз ету Орталық Азия бойынша орташа көрсеткіштен бес есе көп.
Жақында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар су тақырыбында өзекті баяндамалар жасады. Соңы, бірінші және екінші бөлімдерін де оқыңыз.
Ресей экономикалық университетінің Ташкент филиалының доценті Равшан Назаровтың айтуынша,
аймақтағы су тұтыну әр он жыл сайын екі есе артып отыр
Сондықтан ол су тапшылығы жоқ деген спикерлердің оң көзқарастарын қолдамады. Шын мәнінде, су тапшылығы бар, және мұның салдары қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
— 2021 жылы Қырғызстан мен Тәжікстан арасында болған қақтығыс, абырой болғанда, әрі қарай өрбіген жоқ, тиісті шаралар тез қабылданды. Бірақ бұл алғашқы белгі. Алғаш рет қақтығыс мемлекетаралық деңгейге көтерілді. Сондықтан су — бұл сонымен қатар саяси фактор, – деді ол.
Сарапшы, мысалы, Қырғызстан мен Тәжікстанның су ресурстары азайып бара жатқанын айтады.
Өңір бойынша орташа сумен қамтамасыз ету бір адамға жылына 6 мың текше метрді құрайды, ал Ресейде, мысалы, 30 мың
Пайдаланылатын судың 50%-ын Өзбекстан, 75% – ын Түркіменстан алады.
– ХХ ғасырда көмірсутектерге байланысты соғысса, ХХІ ғасырда суға байланысты осыған ұқсас соғыстар болуы мүмкін. Алайда алармизмге түскім келмейді, себебі бізге салыстырмалы түрде жақын Сібірде су айтарлықтай мол.
Сібір өзендерінің артық ағынының бір бөлігін біздің аймаққа бұру жобасын талқылауға шұғыл оралу қажет
Оның үстіне, әңгіме шамалы көлемдер – жылдық ағынның 4-5%-ы туралы болып отыр, ол әдетте жылдық люфт 10-12%-ға ие, – деп атап өтті сарапшы.
“Бұл Сібірдің бүткіл экологиясына әсер етеді” деген аргументтерді ол қате деп есептейді, себебі алынатын су көлемі өте аз.
Сарапшының айтуынша, бүгінде Орталық Азияда 70 млн-нан астам адам тұрады, ал жақын арада 100 млн адам болады. Қазақстанның басым бөлігі мен Өзбекстанның жартысына су тапшылығы салдарынан қоныстандыру қиын.
Ол Сібір жобасына оралу керек дейді, әйтпесе 20 жылдан кейін аймақтан көші-қон күрт артады.
— Сібірден су Орталық Азияға келеді, немесе осы аймақтағы миллиондаған адам Ресей кеңістігін игере бастайды. Басқа нұсқалар жоқ”, – деді ол.
Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық институтының директоры Шавкат Сабиров Ақтаудағы жағдайды Каспий цифрлық хабын құру аясында шешетінін айтты.
Бұл жоба теңіз түбінде ұзындығы 380-400 км кабель салуды қарастырады
Осылайша энергиямен қамтамасыз ету үшін үлкен деректер орталығы мен электр станция салынады. Сондай-ақ суды тұщыландыру жүйесі орнатылады.
Бұдан басқа, қазір Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін су шаруашылығы инфрақұрылымын цифрландыруды енгізу мәселесі өзекті болып отыр.
— Бұл мәселеде Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөледі, себебі елдегі негізгі су ағындары трансшекаралық өзендер болып табылады. Сондықтан бізде Орталық Азия елдерімен су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін жетілдіру, кәсіби келіссөздер топтарын құру қажеттігі туралы мәлімдейді, – деді Сабиров.
Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Ирина Черных ОА халқының көші-қоны мен климаттың жағымсыз өзгерістері арасындағы байланысты зерттеуге қатысқандығы туралы айтты.
Сарапшылар бір-біріне қарама-қайшы процесстер көрсеткен Қазақстанның бес облысын зерттеді. Мысалы, ШҚО-да жыл сайын су тасқыны болады, ал Қызылорда облысында су тапшылығы байқалады.
— Қызылорда облысы тұрғындары проблеманы сезінеді, бірақ
осы процестердің барлығы экономика құрылымының өзгеруіне және көші-қонға алып келетінін түсінбейді,
су ресурстары таусылған кезде бұл жаппай орын алатын болады. Жергілікті билік деңгейінде біз бірер жылдайн кейін су ресурстарының тапшылығын бастан өткеретін аудандарда экономика құрылымын түбегейлі өзгерту қажет болатыны туралы түсінікті байқамадық, — деді Черных.
Қарапайым сөзбен айтқанда, ешкім ауылшаруашылық дақылдарын көп мөлшерде су қажет етпейтіндерге ауыстыру керек деп ойламайды. Мысалы, күрішті бақша дақылдарына.
Сондай-ақ, Черных елде су ресурстарының азаюы тұрғысынан экономика құрылымының қалай өзгеретіні туралы маңызды есептер жоқ екенін айтты. Жалпы алғанда ауыл шаруашылығында суды ұтымды пайдалану мәдениеті жеткілікті дамымаған.