Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жандарбек Бекшин Қаскелеңдегі аурухананың неліктен жабылатынын айтты

Аурухананың бас дәрігері бірінші жартыжылдықта күрделі жөндеу жүргіземіз деп уәде берді. Алайда жөндеу жүргізуге қаражат бөлінбеген. Кәсіпкерлік кодексінің ережелеріне сәйкес, біз алдын ала ештеңе істей алмаймыз.

Сондықтан, тиісті материалдар дайындап, аурухана сот тәртібінде жабылады немесе аудандық аурухана аумағынан жаңа бөлімше ашу туралы мәселе қозғалып отыр”, — деді Бекшин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бас санитарлық дәрігер қазір барлық медициналық мекемеде жұқпалы аурумен түскен науқастар үшін арнайы блоктар ашылуы керек дейді.

“Мейлі, бес немесе он төсек-орын болсын. Бірақ науқастарды басқа ауруханаға тасымалдамай-ақ сол жерде көмек көрсету үшін арнайы блоктар ашу мәселесі көтеріліп отыр.

Олар инфекционист дәрігерлермен қамтылуы керек. Ал егер науқастың жағдайы ауыр болса, онда әрине санавиация шақырылады”, — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз