Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жаңадан кәсіп бастаушыларға 19 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі

Ол 2017 жылы шағын несие беру бастамасына 7 мың адам қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ Елбасының биылғы бастамасымен қосымша бөлінген қаржыға орай 14 мың қатысушыны қамту жоспарланып отыр.

«Бірінші кезекте шағын несие бизнес бастағысы келетіндер мен мемлекеттен көмек алмайтын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға беріледі. Шағын несие алғысы келетіндер алдымен «Бизнес бастау» бағдарламасымен оқуы тиіс.

Былтыр біз 15 мың кәсіпкерді оқыттық, оның 3000-нан астамы қаржыландырылды. Сондай-ақ қаржы алуға үлгермеген 4 мың қатысушы биыл ескеріледі. Осы жылы 30 мың жаңа қатысушыны «Бизнес бастаумен» оқытамыз», – деді ол.

Оның айтуынша шағын несие беру мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы жас кәсіпкерлерге, фрилансерлерге, якорлық кооперацияға ерекше назар аударылады.

«Ауыл тұрғындары өнімді өндіреді де, оны әрі қарай нарыққа қалай шығаратынын, сататынын білмейді. 10 миллиард теңгені якорлық кооперацияға бөліп отырмыз. Алпауыт өңдеу компанияларымен келісімшартқа отыру арқылы қаржыландырырылатын болады», – деді Дулатов.

Ол ауыл тұрғындарына 6 млн теңгеге дейін, якорлық кооперацияға 12 млн теңгеге дейін, Алматы, Астана, Актау және Атырау қалаларының тұрғындарына 19 миллион теңгеге дейін, қалған қалаларға 15 млн теңгеге дейін несие берілетінін атап өтті. Қаржыландыру мерзімі жылына 6%-пен 7 жылға жалғасады.

«Бизнес бастауда» оқығысы келетіндер жұмыспен қамту орталығына емес, «Атамекен» ҰКП филиалдарына тікелей жүгіне алады. Оқу ұзақтығы – 25 күн. Ал шағын несие алғысы келетіндер қажетті құжаттарды жинап, өтініш береді. Олардың өтінімдерін қаржы институты 2 аптаның ішінде қарап шығады», – деді халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз