Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жаңа рекорд: Оралда дизель отыны 219 теңгеден сатылуда

Оралда дизель отынын кез-келген жанармай құю бекетінен табуға болады. Әйтсе де, мұнда аспандаған баға рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Қымбаттау жағынан, әсіресе, Ресейден тасымалданатын дизель алда тұр. Оның бір литрі 219 теңгеден саудалануда. Ал жергілікті билік өкілдері елімізде өндірілетін дизельдің 180 теңгеден сатылып жатқанын айтып ақталды. Алайда олар оның қоры 20 күнге ғана жетеді дейді. Сондықтан баға әлі де өсуі мүмкін.

Ал Семейде дизель отыны тіпті тапшы. Қазір ол қала бойынша бір ғана жанармай бекетінде бар екен. Әйтседе, оның өзін тек талон бойынша ғана беріп жатыр. Соның кесірінен кейбір жүргізушілер жолда қалып қойған.

Семейде демалыс күндері дизель отынының бағасы аспандап кеткен. Жүргізушілердің айтуынша, кейбір жекеменшік жанармай бекеттері оның бір литрін 215 теңгеден сатқан. Ал жергілікті билік оның қысқа арналған дизель болғандықтан қымбаттағанын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз