Коммунистердің Қазақстанда екінші кредиттік рақымшылық жасау туралы ұсынысын қаржыгерлер теріс қабылдады.
16 қыркүйекте «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Қазақстанда екінші рет кредиттік рақымшылық жасауды ұсынды. Коммунистердің ұсынысы—популизмнің өзі.
Банктер мен микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды қатаңдату халықтың несие алуына кедергі болуға тиіс
«Проблемалық кредиттер қоры» төрағасының орынбасары Іңкәр Төреқожаева былай деп түсіндіреді:
өткен жылғы рақымшылық ел экономикасына оң әсерін тигізді, бірақ бұған бой үйретуге болмайды
Қаржыгер бір жыл бұрын Президенттің «борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығы бойынша қор банктер мен микроқаржы ұйымдарында 716 519 қарызды өтеуге 120,5 млрд теңге аударғанын еске салды. Бұдан басқа, кепілсіз тұтынушылық қарыздар (1,4 млн қарыз) бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдар, айыппұлдар) өтеуге 10,1 млрд теңге бөлінді.
Сол кезде, 2019 жылы Сарапшылар табысы орташа және төмен халықтың несие төлеу қабілетті нашарлап, борыштық жүктемесі өседі деп болжаған болатын.
Айтқандары айдай келді. Шын мәнінде, бүгінде бүкіл ел тұтынушылық несиенің қақпанынан шыға алмай отыр.
Іңкәр Төреқожаева мәселенің мәні мынада дейді: банктер қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтап, несие беру туралы шешім қабылдайды. Бұл дұрыс емес.
— Бүгінде адамдардың қаржылық сауаттылығы мәселесі өте күрделі. Сондықтан несиелер мен қарыздар туралы шешім қабылдаған кезде банктер мен МҚҰ-ға қойылатын талаптарды күшейту қажет.
Несиелік рақымшылық қоғам мен қаржы институттарына қалай әсер етті? Төреқожаева алғашқы несиелік рақымшылық ел экономикасына оң әсер етті деп санайды:
— Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар қолдау алды. Алайда, бұл шаралар әдетке айналмауы керек. Карантин біздің азаматтарымызды өз бюджетін қайта қарастыруға және артық шығындарды қоспағанда, кірістерді ұтымды бөлуге мәжбүр етті. Бірақ рақымшылық жасаудың қажеті жоқ — адамдар өздерінің отбасылық шығындарын сауатты есептеуді үйренуі керек, —деп түйіндеді Төреқожаева.