Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Жалынбаймыз ғой”. Алтынай Жорабаева күйеуінің қыздарын керек қылмайтынын айтты

388

Әнші қыздарының туған-туыстарымен араласуына қарсы емес. Тіпті, керісінше қыздарына “ата-әжелеріңе барыңдар” деп жиі айтатын көрінеді. Алайда көңілдеріне кірбің түскен Жорабаеваның қызғалдақтары әкесінің туыстарымен араласуға құлықсыз көрінеді.

https://kaz.365info.kz/altynaj-zhorabaevanyn-zhyrttan-zhasyryp-zhyrgen-gashygy-bar-ma-foto-286244

“Білмеймін, мен ондайды әлі түсінбеймін. Ондай нәрсе әйел затынан емес, ер азаматқа байланысты деп ойлаймын. Егер дос болып қалып, араласып жатса, оған қарсы емеспін. Енді біз әйел басымызбен, қыздарыммен, ер азамат тұрғанда оның алдына барып иілмейміз ғой, дұрыс па?

Менен кінә кетсе, мен үшін кешірім сұрау ештеңе емес. Ұлық болсаң, кішік бол дейді ғой. Сол себепті мен қыздарыммен оларға жалынбаймын ғой, турасын айтқанда…

Жаздыгүні қыздарыма айтамын: “Аталарыңа апарайын ба? Алып кетсін ба? Не істейік?” деп. “Жоқ. Барғымыз келмейді”, – дейді.

1-2 рет айтқан кезімде үлкен екі қызым ұрсып тастаған: “Анашым, неге одан сайын жүрегімізді ауырта бересіз? Барғым келмейді. Бұдан кейін осылай айтпаңызшы”, – деді. Жақсы, әрі қарай өздерің шешіңдер дедім”, – деп ағынан жарылды Алтынай Жорабаева.

Бұл мақала қазір ВК-дағы „Атамның басы-ай„ тобында қызу талқыланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз