Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Жақында ғана қарындасымнан айырылдым”. Қайрат Түнтеков елді жылатты (видео)

199

Көзіне жас алды, залдағы көрермендерді де жылатты, деп хабарлайды Stan.kz.

“3-4 ай бұрын, ораза кезінде өмірден кеткен қарындасыма осы әнді арнағым келіп отыр. Белгісіз бір аурудан 11 жасында өмірден өтті. Өзі талантты, ән де айтатын, билейтін де. Алла Тағала көп ұстамай, алып кетті. Айтудың өзі қиын болып отыр. Сондықтан осы әнді бір орындасам, өзіме де бір жеңіл болып қалады деген ойдамын”, – деп түсіндірді Қайрат.

Әнді орындау барысында Қайраттың көңілі босап, көзіне жас үйірілді. Даусы дірілдеп, әнді әрең дегенде аяқтаған Қайрат бұл қылығы үшін елден кешірім сұрады.

“Жылап жібергеніме ренжімеңіздер, жақында ғана Сәбина есімді қарындасымнан айырылып қалған едім. Өз-өзімді ұстай алмай қалдым, ренжімеңіздер”, – деп түсіндірді Қайрат.

Соған қарамастан, жобаның бұл кезеңінде Қайрат ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз