Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Жағдай былай болады…”. Президенттің не ойластырғаны бар екен?

135

Лауазым беделі

Ең алдымен айтарым,

Қазақстанда кадрлық өзгерістердің, яғни, ауыс-түйістердің екі түрі бар — стратегиялық және тактикалық.

Бізде бос лауазымдар жетіп артылады, атап айтқанда, қазір Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орны бос. Міне, осы орынға президенттің кімді лайық көретініне сәйкес, ол тағайындау не тактикалық, не стратегиялық болады.

https://kaz.365info.kz/elbasy-khatty-ashuly-ykimet-auysyp-birkhatar-akim-khyzmetinen-ketui-mymkin-sayasattanushy-329239

Түсіндірейін. Қазақстанның саяси жүйесінде үлкен лауазымдар жетіп артылады. Бірақ олардың маңыздылығы ол лауазымда кімнің отырғанына байланысты. Мәселен, кейбіреулер көмекші, не болмаса, вице-премьер бооса да, ештеңе тындыра алмайды, тіпті, өзінің хатшылығында да.

Ал кейбіреулер шағын лауазымда отырса да, олардың абыройы мен өкілеті кейбір министрлер мен әкімдердің беделінен әлде-қайда биік болады.

Саяси элитаның Астанада шоғырлануы түрлі қақтығыстарға жетелейді. Міне, осындай қақтығыстардың салдарынан, кейде президент кейбір лауазымдарды уақытша «өшіріп» тастайды, яғни, маңыздылығынан айырады.

Мәселен, бізде мемлекеттік хатшы лауазымы бар. Кей жылдарда бұл пост өте беделді лауазым болған-ды. Ол орынға біресе күштік құрылымдардың басшылары, біресе идеологиялық блоктағы тұлғалар тағайындалған болатын. Ал қазір, шындап келсек, мемлекеттік хатшы лауазымы аса маңызды мемлекеттік институттар жүйесінен шығарып тасталынған.
Немесе басқа мысалды алайық. Бізде қыстан бері

Қауіпсіздік кеңесі биліктің ауысуын қамтамсыз ететін өте беделді ұйымға айналады деп келді.

Нәтижесінде, заң қабылданды, бірақ басшы әлі жоқ. Бұрынғы хатшы басқа лауазымға тағайындалды, ал жаңасы әлі табылған жоқ. Қазір Қауіпсіздік кеңесі хатшысының міндетін бұрынғы бірінші орынбасар атқарып отыр.

Ал бұл дегеніңіз бұл лауазымының не үшін керек екені туралы ортақ көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Яғни, бұл лауазымының маңызын тым асқақтатып жіберген.

https://kaz.365info.kz/ol-orala-ma-tasmagambetovtyn-rejtingi-tagy-kyshejip-keledi-326406

Мәсімов қай тесікке жамау болады?

Кейбіреулер бұл лауазымға Кәрім Мәсімов жайғасады деген сәуегейлік жасауда. Бірақ ондай жағдай орын алса, ол Ұлтық қауіпсіздік комитеті төрағасы лауазымын босатуға мәжбүр болады.

Ал бұл лауазым соңғы бір жарым жыл ішінде еліміздің саяси жүйесіндегі өзінің беделін едәуір нығайтып алған еді. Сөйтіп, арнайы қызмет тарапынан ақпараттық кеңістікке, экстремизм мен рерроризмге, сыбалас жемқорлыққа  және басқаларына қарсы күресті бақылауды күшейтетін заңдар қабылданған-ды. Сондықтан егер

Мәсімов Қауіпсіздік кеңесіне кететін болса, ҰҚК кімге сеніп тапсырады деген сұрақ туындайды.

Қазіргі таңда елімізде бұл лауазымға Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары Самат Әбіш лайық деген пікір қалыптасқан. Бірақ оның осы лауазымға тағайындалуы, менің ойымша, мұрагерлік жөніндегі қауесетті қайтадан өршітеді. Ал президент, мен байқағандай, мұндай әңгімелерден шаршаған сыңайлы.

Сабырлы Тоқаев

Сондықтан, қайталап айтамын: қазіргі таңда жоғарғы билік басындағы көптеген лауазымдар бұрынғы маңыздылықтарынан айырылған. Бір қарағанда, олар маңызды сияқты, бірақ ол лауазымдарда кеудесоқтығы соншалықты күшті емес, қаталдығымен көзге түспеген басшылар отыр. Мұны дәлелдеп жатудың қажеттілігі шамалы.

https://kaz.365info.kz/sagyntaev-barin-biledi-kyzde-ylken-auys-tyjis-bolgaly-zhatyr-327816

Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағалығына, яғни, мемлекеттегі екінші адам лауазымына осымен екінші рет тағайындалып отыр.

Ол өте білімді, кәсібилігі өте жоғары адам, бірақ көпшілік оны мұрагер ретінде қабылдамайды.

Немесе басқа мысал, қазір үкіметбасы лауазымында кезінде үлкен үміт артылған  Бақытжан Сағынтаев отыр. Алайда ол басқарған екі жылдың нәтижесі бойынша, үкімет атап айтарлықтай үлкен жетістіктерге қол жеткізілген жоқ.

Ақышев сенімді ақтамады

Тағы бір жәйтқа назар аударайық, мәселен, Ұлттық банк төрағасы лауазымында Данияр Ақышев отыр. Әлбетте, ол жақсы адам, тіпті, өз саласындағы жақсы маман шығар.

Алайда оның басшы ретіндегі саяси салмағы, қаржыгер –экономист ретіндегі беделі жоқ.

Міне, сондықтан тек жатыпішерлер ғана үкімет пен Ұлттық банк жұмысын сын тезіне алып отырған жоқ.

Менің ойымша, соңғы уақытта президент саяси тартысты одан ары өршітпеу мақсатында жүйелі жұмыс атқарған сыңайлы. Сөйтіп, алдына қойған мақсатына қол жеткізіп, саяси тепе-теңдікті бұзбау үшін ол кейбір лауазымдардың ықпалын төмендетсе, кейбіреулерінің беделін асқақтатып отырды.

Тағы бір себеп:  президент еліміздегі саяси құрылымның қандай болу керек екендігін ойластыру үшін тайм-аут алып отыр. Менің ойымша, қазір бізге экономика мәселелерін жетік түсінетін, үкімет жұмысын үйлестіруге қабылеті, жүйелі ойлай білетін, әрі неғұрлым қатал үкіметбасы қажет.

Сонымен қатар, бізге неғұрлым білімді, білікті Ұлттық банк төрағасы қажет.
Сондықтан

президенттің саяси сахнаға неғұрлым мықты, мүмкін, соншалықты танымал емес тұлғаларды шығару үшін кадрлық ауыс-түйістердің күрделі жолын ойластырып қойғанын да жоққа шығара алмаймын.

Біз екінші деңгейдегі банктердің айналасындағы көлеңкеде қандай үлкен тартыстардың орын алып жатқанын көріп отырмыз. Банктер — қазақстандық саясатта не болып жатқанын айқын көрсететін лакмус қағаз сыңайлы. Кез келген банктің артында үкіметпен, немесе олигархтармен немесе саяси бомонд өкілдерімен біте-қайнасқан беделі зор нақты адам тұр. Сондықтан банктердің кез келген әрекеті олардың бір бірімен күресін емес, акционерлердің қаржы ресурстарын бақылауға алу мақсатындағы күресін білдіреді.

Ал қазір қаржы ресурстары мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың қолында шоғырланған. Өйткені мемлекет банк облигацияларын сатып алып, сол банктердің депозиттеріне салуда. Сондықтан Қазақстандағы саяси тартыстың осындай күйде ұзақ уақыт қалуы мүмкін емес. Қазір ол қаржыға өте тәуелді болып көрінуде. Ал еліміздегі сыбайлас жемқорлық жөніндегі әңгіме жетіп-артылады.

https://kaz.365info.kz/ol-da-kytip-otyr-imangali-tasmagambetov-zhakhynda-zhana-khyzmetke-keledi-329876

Ал еліміздегі саяси тартыс қаржы ресурстарының төңірегінде жүретін болса, ол ел ішіндегі саяси жұмыстың беделін түсіретін болады.

Қазір президент белгілі таңдаудың алдында тұр: не ол саяси сахнаға жаңа ойыншыларды, яғни, тұлғаларды шығарады, не сабыр сақтап жағдайдың реттелуін күтеді. Бірақ екінші нұсқаның орын алуына үміт шамалы сыңайлы.

Сағынтаев ше…

19-шілдеде мемлекет басшысы Ақордада Сағынтавты қабылдап, үкімет жұмысын қатаң сынға алып, оны ретсіз, жүйесіз, шалажансар деп атады. Президентің мұндай кездесулерді тектен тек ұйымдастырмайтыны бесенеден белгілі. Сондықтан кейбіреулер бұл кездесуді үкімет отставкасының бастауы деп атады.

Бірақ білесіз бе, президент адамдарға сенеді, тіпті, олар қателіктерге бой алдырса да. Президентің жоғары деңгейдегі кейбір шенеуніктерге деген сенімі өте жоғары. Өйткені Елбасы оларды жақсы біледі: олардың қабылетін, әлеуетін, ең бастысы, ішкі дүниесін.

Үкімет жұмысына деген наразылық бастан асады. Бірақ ұзақ уақыт шенеуніктердің түрлі командасында жүрген Сағынтаевты премьер лауазымына мемлекет басшысының өзі ұсынғанын естен шығармаған жөн. Бұл президенттің шешімі болатын.

Сондықтан Елбасы үкіметтің неғұрлым жақсы жұмыс істегенін қалайды.

Ал бізде қазір салық, жекешелендіру және басқалары бойынша атқарылып жатқан жұмыс мәз емес. Үкімет жұмысы бағыттарының барлығы үлкен сынға ұшырауда.

Сонымен қатар, барлығы Сағынтаев премьер лауазымына келгеннен кейін жасалған барлық тағайындаулардың белгілі бір дүниелерге негізделгенін жақсы біледі!

https://kaz.365info.kz/biz-bittik-tanymal-kharzhyger-khazakhstandy-ne-kytip-tyrganyn-ashykh-ajtty-foto-327605

Сондықтан президент премьерді тепкінің астына алса да, оған үкіметті неғұрлым тиімді жұмыс істетуге мәжбүрлеуге тырысып бағуда. Алайда сол кездесуден кейін бір айдан астам уақыт өтсе де алға ілгерілеушілік жоқ. Өйткені премьер үкімет жұмысы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын емес.
Иә, министрлер кабинетінің жұмысы көптеген наразылықтар тудырып отыр. Мәселен, зейетақы қорындағы ақшаның жағдайы, бензин, көмір тапшылығы, білім беру саласындағы келеңсіздікте және тағы басқалары.

Мүмкін, Сағынтаевтың орынбасарлары өздеріне берілген өкілеттер шеңберінде бұл мәслелерді шешіп-ақ тастаушы еді, бірақ премьер мәселені жеке дара шешуді жөн көріп, ешкімге шешім қабылдауға жол бермей отыр. есе де ол мәселелерді шешу қолынан келмеуде. Сондықтан,

бізге мұндай үкіметтің керегі бар ма? – деген сұрақтың туындау заңды дүние.

Бірақ қалай болса да үкімттің отставкаға кетуі әлі шешілмеген мәселе, әзірше.
Бір қатар жоғарғы шенді шенеуніктер азаматтардың наразылығын өз мойнына алып, жағдайды ушықтырмай, реттеуге тырысуда. Дегенмен олардың осы мәселелермен ғана шектелмей, сонымен қатар, нақты жұмыс атқарғаны дүрыс болушы еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз