Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Зейнетке шығу жасын төмендету: идея авторларының қулығы неде?

360
Айдар Алибаев, сурет: zonakz.net

ҚКХП-ның Мәжілістегі фракциясы қазан айында премьер-министр Асқар Маминнен Қазақстанда зейнетақы жасын 60 жасқа дейін төмендету мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Жақында министрлер кабинетінің басшысы депутаттардың ұсынысын қабылдамайтынын жеткізді.

«Қалыптасқан экономикалық жағдайды, халықаралық тәжірибені, экономикалық және демографиялық факторлар негізіндегі ұзақ мерзімді актуарлық болжамдарды ескере келе, зейнетақы жасын көтеру қажеттіліктен туындады. Сондай-ақ, зейнеткерлердің жұмыспен қамтылған халыққа қатынасы артып келе жатқанын атап өткен жөн. Егер 2010 жылы бір зейнеткерге есептегенде орташа есеппен 4,8 жұмыс істейтін адам болса, 2015 жылы – 4,3, ал 2019 жылы – 3,9-ға жетті», – деп жауап берді премьер-министр депутаттарға. Бұл туралы  LS порталы хабарлайды .

Сондай-ақ, Асқар Мамин халықаралық тәжірибеге шолу жасады. О егде жастағы адамдардың үлесі үнемі артып келе жатқанын көрсетеді, бұл  еңбек нарығындағы жағдайға әсер етеді.  Сондықтан көптеген елде зейнеткерлік жас төмендетілген жоқ, керісінше көтерілуде.

Кәрі де емес, жас та емес

Премьер-министрдің ұстанымы экономикалық тұрғыдан түсінікті. Кенеттен зейнеткерлердің саны көбейетін болса,  бюджетке қосымша шығын қажет емес. Алайда, еңбек нарығы бұл мәселені өзі реттейді. Онда жас және жігерлі жұмысшыларға артықшылық беріледі. Экономист, «Қазақстанның қаржылық қызметті тұтынушыларының одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Айдар Алибаев Қазақстанда зейнетақы жасы жоғары деп есептейді.

— Егер қызметкердің өзінің көзімен қарасақ, зейнеткерлік жастың артуы, менің ойымша, оның сұранысқа ие болуына қатты әсер етпейді, — дейді сарапшы. — Себебі

бүгінде 45-50 жастағы адамадар жұмысқа орналаса алмай жүр

Адамдардың жасына қарап жұмысқа алмай қойған біраз жағдайды білемін.

Кеңес заманындағы тәжірибесі бар тамаша инженерлер жұмыс берушілерге қажет емес болып шықты

Денсаулығы  жақсы және салмақты кәсіби білімі бар  адамдар кез келген жұмысқа келісуге мәжбүр. Жүргізуші немесе күзетші болып қызмет атқаруға дайын. Сондықтан зейнеткерлік жасты арттырса да немесе көтерсе де, тіпті 50 жасқа дейінгі адамдарға жұмыс табу қиын. Одан үлкендер туралы айтпауға да болады.

Әлемдің тәжірибеге қараймыз

— Коммунистер зейнетке шығу жасын төмендету еңбек нарығының жүктемесін азайтып, бос жұмыс орындарын құрар еді дейді.

— Коммунистердің бұл мәселені көтеруінің бір ғана себебі бар. Сайлау науқаны жарияланды, сондықтан осындай популистік идеялар көтеріле бастады. Мұндай мәлімдемелердің еш  зияны жоқ сияқты, бірақ адамдар естіп, қуанып қалады. Зейнетке шығу жасы заң жүзінде әлдеқашан көтерілген. Сол кезде коммунистер қайда болды?

Егер олар зейнеткерлік жасты төмендетуді жақтаса, онда олар бірнеше жыл бұрын оның өсуіне дауыс бермес еді

Премьер-Министрдің коммунистерге берген жауабы түсінікті. Әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін мұндай деңгейдегі бірде-бір мемлекеттік қызметші зейнет жасын төмендетпейді. Бұл бюджетке қосымша жүктеме. Бизнес карантин кезінде қатты соққы алды.  Жұмыссыздар мен ішінара ақы төленетіндердің саны артты. Мұның бәрі салықтардың жиналуына қатты әсер етті. Бүгінде бюджет тапшылығы туындады. Елестетіп көріңізші, мұндай жағдайда жоғары шенеуніктердің бірі кенеттен зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынады ма? Ол бұндай жағдайда өзінің саяси болашағына балта шабады.

Оларға еркіндік берсек, бүкіл әлемде өмір сүру ұзақтығын артқанын сылтауратып зейнеткерлік жасты тағы да көтерер еді

Біз Еуропаның тәжірибесіне сүйенеміз. Алайда, Қазақстанда Еуропадағыдай өмір сүру жағдайын жасауды  ешкім ұсынбайды. Еліміздегі өмір сүру деңгейі мен сапасы, сондай-ақ табыс деңгейі тұрғысынан зейнеткерлік жас аса жоғары.

Зейнетақыға үміт арту

— Ол қазақстандық жағдайға сәйкес қандай жас мөлшерінде болуы тиіс?

—Қазақстанның жағдайына 55-60 жастағы кеңестік өлшемдер өте қолайлы. Бүгінде мұндай сән-салтанатты бюджетің көтере алмайтыны түсінікті, шенеуніктердің ешқайсысы бұған бармайды. Коммунистерден басқа партиялар бұл туралы тіпті ауыз ашпайды. Қанша жақсы естілгенімен,  мұның пайдасыз екенін түсінеміз.

— 50 жастағы адамдар да жұмыс таба алмайды деп айттыңыз.  Неліктен электорат коммунистердің ұсыныстына қуануы керек?

— Мәселе қуануда емес. Идеяның өзі құлаққа жағымды естіледі. Жұмыссыз отырған, бірақ зейнетақы алмайтын адамдар  зейнетке шықса қандай да бір көлемде кепілдендерелген ақша алатын еді.

Көптеген отбасыларда, әсіресе ауылда, зейнетақы бұл тұрақты табыс көзі

Коммунистер бұл үндеудің популистік мағынасын жақсы біледі. Парламентте отырған адамдардың да  мұндай бастамалардың жүзеге асырылмайтындығын іші сезіп отыр.

— Яғни, жалпы алғанда, біздің еліміздегі зейнеткерлік жас тақырыбы әрқашан адамның мүддесі ескерудіәң орнына, мемлекет экономикасы тұрғысынан қарастырылады ма?

– Иә, қызметкерлердің мүдделерін ешкім ескермейді.

Бюджет жеңіске жетті

— Бизнес зардап шекпейтін сияқты, өйткені жұмысқа деген сұраныс ұсыныстан жоғары. Олар зейнетке дейінгі жастағы жұмысшыларды жұмыстан шығарып, олардың орнына жігерлі жастарды ала бастайды.

— Бұл мәселеде сізбен келіспеймін. Иә, зейнетке дейінгі жастағы жұмыстан босатылған адамның орнына жас кандидат алуға болады. Бірақ бизнестің сапасына әсер етпейтініне сенімді емеспін. Көптеген мамандық бойынша кәсіби тәжірибесі жоғары адамдар жас әріптестеріне қарағанда әлдеқайда жақсы және тиімді жұмысшылар. Олардың әдемі жазылған түйіндемелері, көптеген алғыс хаттары, грамоталары мен дипломдары бар, алайда кәсіби сапасы төмен. Сондықтан бұл жерде бизнестің сапалы қызметкерден айрылу қаупі бар. Мен 74 жастағы бір бухгалтерді білемін, ол үлкен жалақы алады, ал оның жұмыс берушісі оны тіпті 10 жас маманға ауыстырғысы келмейді.

Өмірден алған ерекше жағдайлар көп. Бірақ 60-тан асқан адамдарды есептен шығаруға әлі ерте екеніне сенімдімін.

Зейнеткерлік жастың артуы әрдайым тек жұмысшыларға ауыр тиеді, ал мемлекет осыдан тек ұтады

Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңмен көтеріп, соңғы 20 жылда екі рет оны арттырған кезде, бұл туралы айту өзекті емес. Халық үшін де, мемлекет үшін де пайдасыз. Ол әлеуметтік наразылықтың туындауына себеп болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз