Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
17
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Зейнетақы жинақтарын пайдалану инфляция мен доллардың өсуіне ықпал етеді – Ұлттық Банк

111
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша инфляция 17 өңірдің 13-інде артты, ал қазанның бірінші аптасында бағалар өсуін жалғастырды. Ұлттық банк бұл өсім сыртқы және ішкі факторларға тең дәрежеде байланысты деп мәлімдейді. Ішкілердің арасында – дизель отынының тапшылығы, тасымалдың қымбаттауы, тіпті отандастарымыздың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануы бар. Сыртқы фон да әлі қолайлы емес.

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Белсенділік қана емес, бағалар да өсуде

Досаев әлемдегі және Қазақстандағы экономика қалпына келуін жалғастырып жатқанын атап өтті. Іскерлік белсенділіктің өсуі инфляциялық қысымның артуымен қатар жүреді.

2021 жылдың үшінші тоқсанында әлемдік экономика пандемияға дейінгі деңгейге оралды. ЭЫДҰ қалпына келу 2022 жылы да жалғасады деп болжайды. Болжам бойынша, әлемдік ЖІӨ 2021 жылдың қорытындысы бойынша 5,7%-ға өседі. Оның ішінде біздің негізгі сауда әріптестеріміздің арасында Еуроаймақта 5,3%, Қытайда – 8,5%, Ресейде – 2,7% өсім күтілуде.

Алайда, Досаев бізде іскерлік белсенділік индексі 0,4 тармаққа — 49,8-ге дейін төмендегенін атап өтті. Себебі құрылыс пен қызмет көрсетудегі белсенділіктің – 49,3 және 49,1-ге дейін төмендеуі. Өнеркәсіпте индекс 1,8 тармаққа — 50,9-ға дейін өсті.

Шикізат бағасы да көтерілді. 2021 жылғы тамызда өнеркәсіп шикізаты 38,5%-ға, ал ауыл шаруашылығы шикізаты 22,7%-ға қымбаттады.

2021 жылдың қыркүйегінде ФАО (астық, ет, сүт өнімдері, өсімдік майлары және қант сияқты бес азық-түлік шикізаттық тауары топтарының себетіне халықаралық бағалардың бір айдағы өзгеруінің орташа өлшенген көрсеткіші – ескерту). Бір жыл ішінде ол 32,8%-ға өскен.

2021 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша өндірушілер бағасының өсуіне құрғақ жүк тасымалдарының қымбаттауы әсер етті. 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда олардың бағасы 5,4 есе, ал 2020 жылдың мамырымен салыстырғанда 10 есе өсті.

Ынталандыру шаралары азаяды

Әлемдегі инфляциялық қысымның өсуі нәтижесінде дамыған елдер де ақша-кредит саясатын қатаңдатуға кіріседі.

– 2021 жылғы 22 қыркүйектегі отырыста

ФРС мөлшерлемені 2023 жылдың орнына 2022 жылы ертерек көтеруді талқылады

2021 жылғы қарашада QE-нің қысқаратыны туралы хабарландыру күтілуде, – деп атап өтті Досаев.

(QE — орталық банктер ұлттық экономиканы ынталандыру үшін пайдаланатын ақша-несие саясатының бір түрі – ескерту)

2021 жылдың қыркүйек айының басынан бастап 22 ел негізгі мөлшерлемені көтерді. Оның ішінде Ресейде инфляцияның бес жыл ішіндегі максимумға дейін өсуі аясында — 2021 жылғы қыркүйекте 7,4% болды.

– Жаңа Зеландия мен Норвегияның орталық банктері де 25 б.п. көтергені байқалды. Осыған байланысты

дамыған елдердің орталық банктері тарапынан күтілетін ынталандыру шараларының қысқартылуы

әлемдегі бейтарап ақша-несие саясатына көшудің маңызды кезеңі болып табылады, – деп толықтырды Ұлттық банк төрағасы.

Инфляция өсуде, Ұлттық банк оны тоқтатуға уәде берді

Досаев елдегі инфляцияның жеделдеуі жалғасып жатқанын атап өтті. Қыркүйек айында ол көкөністер мен жемістер бағасының маусымдық төмендеуіне қарамастан 8,9%-ға жетті.

– Азық-түлік инфляциясы негізгі үлес қосуды жалғастыруда, ол ет (1,3%), өсімдік майлары (0,6%) және қант (1,1%) бағасының өсуіне байланысты бір айда 11,4%-дан 11,5%-ға дейін жеделдеді.

Азық-түлік емес инфляция қыркүйек айында 0,2 пайыздық тармаққа — дизель (бір айда 3,8%), газ (0,9%) және көмір (1,9%) бағасының өсуі аясында 7,3%-дан 7,5%-ға дейін өсті”, – деп атап өтті ол.

2021 жылдың қыркүйегінде жылдық инфляция 17 аймақтың 13-інде жеделдеді,

бұл ретте алты өңірде 9%-дан асты. Қазанның бірінші аптасының қорытындысы бойынша бағалардың өсуі жыл басынан бергі 9,9%-ды құрап, өсуді жалғастырды.

Инфляцияның тұрақтануына ЖЖМ-нің одан әрі қымбаттауы және астық бағасының ықтимал өсуі кедергі келтіруі мүмкін.

Қыркүйек айында дизель отыны бағасының өсуі 3,8%-ды құрады, ал жекелеген облыстарда 10%-дан асты. Дизель тапшылығы орын алуы мүмкін екендігі де айтылды, ол тек инфляцияны одан сайын күшейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге қалған тауарларды да жанап өтті (тасымалдау шығыны — ескерту)

Бағаның өсуінің қосымша көзі ретінде Досаев “сыртқы инфляциялық фонның нашарлауын” атап өтті. Әсіресе Ресей сияқты негізгі сауда серіктестерінде.

– Мұндай жағдайларда монетарлық емес факторларды тұрақтандыруға бағытталған Инфляцияға қарсы ықпал ету шараларының кешенін тиімді іске асыру,

инфляцияны 2021 жылы 7,5-8,5% дәлізінің жоғарғы деңгейіне қайтаруы тиіс

Өз тарапынан Ұлттық Банк сыртқы нарықтар мен ішкі ахуалға мұқият талдау жүргізу негізінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады, — деп уәде берді Ұлттық Банк басшысы.

Тағы да халық кінәлі деп танылды

Сондай-ақ, Досаев БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы да айтып берді. Оның айтуынша, 2021 жылдың қыркүйек айының соңында активтер 13,1 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 194,3 млрд-қа немесе 1,5%-ға өсті.

Салымшылар 1,9 трлн теңге жинақты мерзімінен бұрын алып қойды (491,7 мың өтінім), олардың 97,5%-ын тұрғын үй мәселелерін шешу үшін алды. Бұл ретте Досаев:

Зейнетақы жинақтарын пайдалану импорттың ұлғаюы мен шетел валютасына сұраныстың өсу факторларына әкелгенін айтты

Яғни, белгілі бір дәрежеде инфляцияға және теңгенің арзандауына ықпал еткен.

Баяндамашы елдегі инфляцияның өсуі сыртқы және ішкі факторлардың бірдей дәрежедегі ықпалынан туындағанын атап өтті. Бұл ретте 2022 жылдың соңына қарай сыртқы факторларды тұрақтандыру күтілуде.

– Бұл жағдайларда негізгі күш-жігер орта мерзімді перспективада жекелеген ішкі нарықтағы теңгерімсіздіктерді жоюға және инфляциялық қысым факторлары ретінде импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталуы тиіс. Мысалы,

бүгінгі таңда қазақстандық импорттың 40,8%-ы Ресейге тиесілі, бұл

Ресейдегі инфляцияның қыркүйек айында рекордтық 7,4% деңгейге дейін үдеуін ескерсек, жоғары көрсеткіш болып табылады. Инфляциялық қысымды төмендетудің тағы бір маңызды аспектісі контрциклді бюджеттік ережені енгізуді аяқтау және бюджет шығыстарының өсу қарқынын шектеу болып табылады, – деп түйіндеді Досаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз