Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Зейнетақы қоры төңірегіндегі атышулы істің куәгерлеріне қысым көрсетілген

Ал, өзінің көзбен көргенін жариялауға тыйым салыныпты. Сөйтіп, ол еркінен тыс Зейнетақы қоры төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековке жала жапқан көрінеді.

Яғни, «Бозгул аурумның» облигацияларын сатып алу туралы бұйрықты сол берді деп айтуға тура келіпті. Енді келесі сот отырысына куәгерге қысым көрсеткен тергеуші шақырылды. Бүгін қордың экс-бас бухгалтері де көрген-білгенін судьяға айтып берді. Ал, мемлекеттік айыптаушылар атышулы келісімге қордың басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары жетекшілік еткенін мәлімдеді.

Айта кетсек, 5 миллиардты жеді деп айыпталып жатқандар қатарында Руслан Ерденаев пен орынбасары болған Дабыр Медетбековтен бөлек, 4 адам бар. Олар: қордың қаржы тәуекелділігі басқармасының бастығы Мұса Бахтов, «Бозгул Аурум» серіктестігінің құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев пен осы компанияның директоры Азат Найзағарин және қор мен компания басшыларының ортақ танысы Талғат Тұртаев бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз