Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Заңсыз деп танылса да Каталония референдумы өткізілетін болды

Каталонияның билік өкілдері Еуропалық комиссия мен Еуропарламентке үн қатты. Олар Барселонадағы тәуелсіздік туралы референдумға араласқанын қалайды. Каталондықтардың ойынша, референдум өткізу арқылы ЕО Мадридке демократиялық норманы бұзуға жол бермейді. Қазір олар Брюссельдің жауабын күтіп отыр.

Рауль Ромева, Каталонияның сыртқы істер министрі:

– Біз Еуропалық комиссия мен Еуропарламентті одақ келісіміне негізделген құндылықтар мен принциптерді сақтауға шақырамыз. Азаматтық құқықтар бұзылып, Испаниядағы демократияның сапасы күннен-күнге нашарлап жатқаны жасырын емес. Енді Еуропалық комиссия бұны ішкі мәселе деп жасыра алмайды. Олар ЕО-ның келісімшарты негізінде каталондықтар мен Еуропа азаматтарының ортақ мүдделерін қорғауға тиіс.

Еурокомиссия Каталониядағы референдумға қатысты жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырғанын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Дегенмен ЕО қоғамдастыққа мүше басқа елдер сияқты Испанияның да ішкі істеріне араласпайды. Ал Брюссельдің ресми өкілдері бұны ішкі саяси дауға балап отыр.

Александр Винтерштайн, Еуропалық комиссияның ресми өкілінің орынбасары:

– Біз Испанияның конституциялық құқықтық базасын құрметтейміз. Сол себепті басқа ешқандай түсініктеме бере алмаймыз.

Ал осы кезде Брюссельде каталониялық сепаратистердің шеруі өтіп жатыр. Оларға Бельгияның федералды үкіметі аса сақтықпен қарайды. Бұл елді Фландрия, Валлония және Брюссель аймақтарына бөлу туралы бұрыннан келе жатқан ойлардың қайта жандануына ықпал етуі мүмкін.  Нидерландтілді Фландрия аймағының парламент басшысы Ян Пеманс Каталонияның тәуелсіздік құқығын қолдайтын сыңайлы. Егер референдум өтсе, онда Барселона мен Мадридтің арасындағы текетірестің немен бітетіні осы жексенбіде белгілі болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз