Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Заңға өзгерістер енгізілді”. Жаңа жылдан кейін айыппұлдар еселеп арзандайды

201

Қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде жалған мемлекеттік нөмірлерді орнату туралы 590-бап бар. Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 1000 айлық есептік көрсеткішткен (АЕК-тен) 400 АЕК-ке азаяды.

Бұрын сағатына 10-20 км жылдамдықпен жүргендерге 10 АЕК болса, заң жобасы бойынша айыппұл сомасы 5 АЕК- ке арзандайды. Әкімшілік Қылмыстық кодекске түзетулер енген жағдайда 594-баптағы «Қиылысатын жолдарды немесе жолды кесіп өту ережелерін бұзу» бойынша айыппұл мөлшері төмендейді. 596-баптың әкімшілік тармағы бойынша жол бойына автокөлікті орыналасу, қарама-қарсы бағыттағы жолға өту, жаяу жүргінші жолына түсу сияқты ереже бұзған үшін айыппұл құны 20 АЕК-тен 15 АЕК-ке дейін төмендейді.

Қарама-қарсы бағытқа өту, бұрылыс ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігін тартып алу 1 жыл емес 6 айға қысқартылады.

597-баптағы аялдама және көлік тұрақтары туралы ережені бұзғаны үшін 10 АЕК-тен 5 АЕК мөлшеріне дейін төмендейді.

Аялдама және жаяу жүргінші жолы, балалар, спорт мекемелері аймағындағы ережелерді бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 15 АЕК-тен 10 АЕК-ке азяды.

Мүмкіндігі шекетеулі жандарға арналған тұрақтар мен аялдамалар ережесінің бұзылуына салынатын айыппұл сомасы 50 АЕК-тен 10 АЕК-ке төмендеуі мүмкін.

Бағдаршам тыйым салған әрекеттерді істеу 20 АЕК-тен 15АЕК-ке азаяды.

Жол жүру ережелерін сақтамау, жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол пайдаланушыларына жол беру туралы 600-бапқа өзгеріс енеді. Оның айыппұл мөлшері 20 АЕК-тен 15 АЕК арзандайды.

Жаяу жүргіншілердің және басқа жол пайдаланушылардың жол қозғалысына қойылатын талаптар жеңілдетіледі. 615-баптағы 15 АЕК айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке азаяды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз