Ұлы сөзде ұят жоқ қой, негізі. Мен төсекте пысық болуға тырысамын. Қылықты болған, тіпті, жақсы. Оған қоса, күйеуіңмен төсек қатынасында неше-түрлі нәрселерді жасау керек деп ойлаймын.
Мысалы, еркектер әйелге өзінің мүшесін сүйдіргенді ұнатады. Көп әйел оны жасай алмайды.
Мен күйеуіме ұнаған нәрсесінің бәрін жасап беремін. Мүшесін аймалап, сүйіп, керек десеңіз, сорып беремін.
соған қарағанда, керек нәрселері мен керек сезімдерін менен алып, өзге қыз-қырқыннан ештеңе іздемейді деп ойлаймын.
Шындығын айтайын, қазір кез-келген отбасыны алып қарасаңыз, “солға“ бармайтын еркек жоқ. Қазір ғана емес, баяғыдан бар шығар…
Рас қой, қыздарға қырындап, көзін сүзіп, ырбыңдап, көлгірсіп, сөз айтатындардың көбі үйленгендер.
Осы еркектерге не жетпейді екен? Жұрт айтпақшы, күнде нан жеп шаршадым, анда-санда “булошка” да жеу керек.
https://kaz.365info.kz/onyki-sol-goj-kyjeuinin-tosektegi-tirliginen-zhalykhkhan-ajel-299774
Тұрмыстағы әйелдер көбіне өзіне қарауды қойып, үйде қалай болса солай, олпы-солпы киініп жүре береді. Ал дүкенге, немесе көшеге 10 минутқа ғана шықса да боянып, таранып, сәнденіп шығады. Оны еркегі көріп жүреді. Әлгі бір сериалда «әйелдер әрқашан сұлу болып жүруі керек» деуші еді ғой…
Иә, әйел тек көшеге шыққанда ғана емес, ең бастысы, күйеуінің алдында жасанып жүруі керек.
Үйде күн сайын олпы-солпы киінген әйелін көрген еркек «солға» бармағанда, қайтеді?!
Сонымен қатар, еркектер төсек қатынасында да алуан түрлі ойындар мен ермектер болмаса да оп-оңай «солға» кетеді. Тіпті, жыныстық қатынастағы «позадан» бастап, әйелдің іш киіміне дейін әркез жаңарып отыру керек.
Еркек әйелінің өзіне деген салқындығын сезінсе де жылуды өзгеден іздеуі мүмкін.
Әрине, еркектің өзге әйелдің құшағын іздеуінің өзге де көптеген себептері бар. Сондықтан күйеуі бар келіншектер, өздеріңіз қорытынды шығарарсыздар.
Сәлеммен, С.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-impotent-38-zhasynda-belsiz-bolgan-zhomarttyn-ajeli-281332