Телекоммуникация нарығы кірісінің өсуі аясында (бір жылғы өсім — 5,5%) ұялы байланыс қызметтерінің көлемі 6,4%-ға қысқарды.
Осыған ұқсас кезеңде кірістердің төмендеуі 2016 жылы байқалған болатын — 2,7%-ға; келесі жылдары тұрақты өсім тіркелген.
Телекоммуникация нарығының кіріс құрылымындағы ең көп үлесті интернет-қызметтерден түскен кірістер құрайды: 35,9%. 2019 жылдың төрт айында олардың сомасы 90,6 млрд теңгені құрады.
Құрылымдағы екінші орын ұялы байланыс қызметтерінен түскен кірістерге тиесілі, үлесі — 27,1%. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға аз (73,1 млрд теңге).
Жергілікті телефон байланысы қызметтері мен деректерді беруден түскен кірістер тиісінше 15,5 және 12,5 млрд теңгені құрады. Басқа да қызмет түрлері телекоммуникациялық нарықтың 25,9%-ын (65,3 млрд теңге) құрайды.
ҚР ұялы байланыс қызметтерін Beeline, Kcell және біріккен Теле2 және Алтел ұсынады. 2019 жылы кейбір операторлардың 4G/LTE желісін пайдалануда өзгерістер болады. Мәселен, 16 сәуір 2019 жылы
Beeline мен Kcell желіні бірлесіп пайдалану туралы шартты бұзды
Бастамашы “Кар-Тел” ЖШС (“Beeline Қазақстан”) болды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның барлық аймақтарында 4G “Beeline Қазақстан” және Kcell бірлескен желісі 2016 жылы іске қосылған болатын. Серіктес-бәсекелестердің әрқайсысы елдің 7 өңірінен өз мойнына алып, LTE желісі өрістетті, оны компаниялар бірлесіп пайдалана бастады. Forbes.kz мәліметінше, бұл іс жүзінде Capex-те екі есе үнемдеуге мүмкіндік берді.
Қазір ел аумағы Beeline мен Kcell арасында бөлінген, олар өз өңірлерінің әрқайсысына желі салып, қызмет көрсетеді. Ынтымақтастықты одан әрі тоқтату әрбір компанияға өзінің жеке желісін пайдалануға мүмкіндік береді.
2019 жылғы сәуір айының соңында ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,4 млн-ды құрап, 4,2%-ға төмендеген. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде абоненттер саны 26,5 млн бірлікке жеткен болатын, өсім — 4,6%.
Сонымен қатар, интернетке шығу мүмкіндігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны 7,2%-ға өсіп, 14,6 млн бірлікті құрады. Бір жыл бұрын да өсім 10,4%-ды құраған болатын.
Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға жылына 146-дан 138 бірлікке дейін төмендеді. Интернетке қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы өз кезегінде 100 адамға 75-тен 79-ға дейін артты.