Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ұлы дала театрын” Брюссель халқы үлкен қошеметпен қарсы алды (фото)

«Ұлы Дала Театрының» гастрольдік сапарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Еуропаның бес астанасында – Париж, Берлин, Бельгия, Вена және Мәскеуде өткізіп жатыр.

Қазақстандық шығармашылық ұжым қазақ және әлем жауһарлары болып саналатын үздік музыкалық шығармаларды танытты. Бұл «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің сүйемелденумен «Astana Musical» театрының «Қыз Жібек» қойылымы, Неміс театрының қойылымындағы «Қарагөз» туындысы сахналанды.

«Біздің Еуропаның бес ірі астаналарында тур жасауымыз «Ұлы дала Театры» имиджді жобаларының бірі болып табылады. Бізді жылы қабылдап, өнерімізге жоғары баға берген Еуропа көрермені ерекше қуантады» , – деп атап өтті Неміс театрының жетекшісі Наталья Дубс.

Сұлу Қарагөздің Сырым ақынға махаббаты туралы аңыз Наталья Дубс сияқты талантты режиссердің қойлымы арқылы жаңа тартымды сипатқа ие болды. Ол бірінші рет БҰҰ-ның алты тілдерінің бірі неміс тілінде бірінші рет жарыққа шықты. Бұл туындының көркемдігі мен тереңдігін күшейткен берлин хореографы Флориана Бильбаоның дайындаған биі. Спектакльге ән жазған Германия композиторы Iayrope.

Сыншылардың пікірі бойынша «Қарагөздің» жаңа қойылымы классика жанрын сүйетін көрермен мен жалпы өнерді бағалайтын жұртшылыққа ерекше әсер етті.

Жас қазақ театры Брюссель тұрғындарына этно-фольклорлық мюзикл «Қыз Жібек» қойылымын сыйлады. Көрермендердің айтуы бойынша, қойылымның ұлттық нәзік хош иісі бірден сезіледі, қазақ мәдениетін айрықша ерекшеліктерімен айшықтайды.

«Қыз Жібек» – қазақ фольклорының інжу-маржаны. Сүйіспеншіліктің әнұраны болып табылатын туынды – халықтың поэзиялық мұрасының барлық салтанатты ұлылығын сіңірген.

«Қыз Жібек» кейіпкерлері арқылы біз Еуропада танылған Ромео мен Джульеттаны көреміз. Жібектің бейнесі халықтың жүрегінде сақталған сұлулық, махаббат пен адалдықтың жарқын бейнесі. «Қыз Жібек» аңызы заманауи қазақ қоғамының ортақ мұрасы болып табылатын ғасырлық рухани және адамгершілік құндылықтарды бейнелейді.

«Мен осы спектакльдің авторлары мен Брюссельге алып келген барлық ұйымдастырушыларға өз алғысыды жеткізгім келеді. Сондай-ақ, мен танысып үлгерген барлық көрермен қауым атынан да Брюссель сахнасында осындай туындының сахналануына үлес қосқан ұйымдастырушыларға басымды иемін.

Ұлттық салт-дәстүрлі, ұлттық байлыққа айналған құндылықтырды, ұлттық жеттістіктерімізді таныстыру маңызды деп есептеймін. Сіздердің үлкен елдеріңіздің бай дәстүрлерімен танысып, қуанып жатырмыз. Бұл сөзің қарашығындай сақталуы тиіс інжу деп білемін. Бүгін осындай бірегей қойылымды тамашалағаныма қуаныштымын» – деп өз пікірлерімен бөлісті мәдениет және білім саласындағы халықаралық жобалар қауымдастығының басшысы, көрермен Светлана Попова.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отырған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы қазақстандық шығармашылық жобалар мен қазақстандық ұжымдардың жаңа идеяларына тың серпін береді деп ойлаймын. Бұл өз мүмкіндіктерімізді жоғары деңгейге көтеру және әлемге ұлттық мәдениеттің жетістіктерін көрсету үшін тамаша мүмкіндік», – дейді «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз