Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ұлттық қордың активтері дағдарыс пен салық кірістерінің төмендеуін еңсеруге жеткілікті — ҚСЗИ

279
Сурет: koru.com

Қаржы министрлігі бюджеттің экономикалық дағдарыс пен карантиннен келген алғашқы шығындарын есептеп шығарды. Ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері түсімдер бойынша Республикалық бюджеттің орындалуы 94,4% – ды ғана құрағанын мәлімдеді. «Сыртқы факторлар аясында жоспардың орындалмауына төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар әсер етеді», – деді министр.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, республикалық бюджеттің шығыстары 5,6 трлн теңгені құрады. 61 млрд орындалмаған, оның ішінде 15 млрд үнемделсе, 46 млрд игерілмеген.

Карантинде жұмысы тоқтаған бизнес әлі күнге дейін өзінің бұрынғы позицияларын қалпына келтірмегенін ескерсек,  күзге қарай пандемияның екінші толқыны болады деп болжап отыр. Ел экономикасы бұндай соққыға дайын ба деген мәселеге алаңдайтын уақыт келді.  ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов уайымдайтындай еш себеп жоқ, елді Ұлттық қор құтқарады дейді.

Кіріс аз, шығын көп

— Бюджетке жүздеген миллард теңгеге кем түсті. Сәйкесінше, осы сома көлемінде  мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындай алмайды. Әлде бұл қаржы көлемі алаңдайтындай жоғары емес пе?

Вячеслав Додонов

— Жағдайдың осылай болатыны алдын ала болжанғандықтан, дүрлігуге еш себеп жоқ. 2020 жылға арналған базалық бюджет 2019 желтоқсанында қабылданды. Ақпан-наурыз айларында мұнай бағасы төмендегеннен кейін мемлекет үкімет пен парламент арқылы жедел жауап қатты. Алайда, Президенттің Жарлығымен төтенше жағдай режиміне байланысты бюджет параметрлері тек 8 сәуірде ғана өзгертілді. Бұл өзгерістердің мәні дағдарысқа қарсы шараларға арналған әлеуметтік шығындардың айтарлықтай ұлғаюына байланысты болды.

Яғни кірістің төмендегеніне қарамастан, бюджет шығындарын азайтудың орнына, арттыруға тура келді

2019 жылғы желтоқсанда қабылданған базалық бюджетте салықтық түсімдер 8 трлн теңге деңгейінде болады деп жоспарланған. Сәуір айындағы өзгертілген нұсқада, біз сол мұнай секторынан түсетін салықты толық ала алмайтынымыз және ТЖ салдарынан кірістер 6,3 трлн теңгеге дейін азаятыны белгілі болды. Бюджет шығыстары дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде ұлғайтылды. Бюджеттің жаңа нұсқасында шығыс 13,8 трлн теңгені құрайды. Бастапқыда ол 12,5 трлн деңгейінде болғанын ескерсек, айырмашылығы айтарлықтай.

 Ұлттық қор құтқарады

— Мемлекет ненің есебінен өзінің міндеттемелерін орындайды? Тағы да Ұлттық қорға жүгінуге тура келе ме?

— Әрине. Бұнда ешқандай құпия жоқ. Бюджеттің бірінші базалық болжамында Ұлттық қордан  2,7 трлн теңге деңгейінде түсім болды деп болжанған. Бірақ барлық төтенше оқиғалардан кейін олардың мөлшері 4,8 трлн-ға дейін көтерілді. Бұл Қазақстан тарихындағы трансферттің ең жоғары мөлшері. Бұған дейін Ұлттық қордан ең жоғары трансферт 2017 жылы 4,1 трлн теңге көлемінде болды.

Жалпы жылына бірнеше рет бюджетке өзгеріс енгізуге болады. Кем дегенде екі рет-көктемде және күзде, біз оны байқап та жүрміз. Соңғы рет төтенше жағдайға байланысты  айтарлықтай көбірек өзерістер енгізілді.

Бюджет тапшылығы артты. Кіріс және шығыс бөліктері арасындағы алшақтық Ұлттық қордан алынған трансфер көлемімен ғана жабылған жоқ. Бюджет тапшылығы мемлекеттік қарыз есебінен де жабылады.

Беріктік қоры

— Ал егер пандемияның екінші толқыны басталса мемлекет тағы да карантинге кете ме? Осы толқындардың барлығы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді? Беріктік қоры осы соққыға төтеп бере ала ма?

— Сарапшы-эпидемиолог ретінде сөйлегім келмейді, бірақ менің ойымша, күзде ТЖ режимі мен карантиннің қайталануы екіталай. Егер қайталанса да, экономикаға үлкен соққы әкелмейді.

Ең алдымен ол коронавирусқа байланысты шектеулерден емес, мұнай бағасының төмендігінен зардап шекті. Бізде мұнай секторы бас салық төлеуші сала

Әрине, олар тікелей бюджетке емес, Ұлттық қорға төлейді. Дегенмен, дәл осы кәсіпорындар экономикалық жағдайды анықтайды. Шектеулерге байланысты жабылған қонақ үйлер, сұлулық салондары мен мейрамханалар емес, өндіруші сектор.

Менің ойымша, Ұлттық қордың қоры өте үлкен. Ол 2020 жылды қиындықсыз өтуге мүмкіндік береді. Тіпті дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жалғастыру немесе оларды кеңейту үшін одан қосымша трансферттер алуға болады. Әлем Ұлы дағдарыстан бері болмаған дағдарыста екенін ұмытпауымыз керек. Бұл жағдайда Ұлттық қордан әдеттегіден көп алуға болады.

— Бұл әрекеттің пайдасы бола ма?

— Әрине.  Ұлттық қор осы үшін құрылды. Оның міндеті— қиын сәтте резервтік қауіпсіздік жастығы болу.

Жыл басынан бері жасалған барлық шығындардан кейін Ұлттық қордың көлемі 60 млрд долларды құрайды

Оның қорын одан әрі қолдануға болады. Беріктік қоры алдағы үш жылда әдеттегі жағдайлар үшін трансферттің стандартты өлшемдерінен асатын көлемде жұмсаған  жағдайда да жеткілікті болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз