Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Үкіметтің отставкаға кетуі әбден мүмкін еді — Әшімбаев

2022 жылы 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысы мен Алматыда төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлығынан кейін премьер-министр мен Министрлер Кабинетінің бүкіл құрамы өз өкілеттіктерін тоқтатты.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында пікір білдіріп, Асқар Мамин бастаған үкіметтің отставкаға кетуі “кейінгі оқиғалар аясында қаншалықты парадоксалды болса да жоспарлы және күтілген” деп жазды. Дегенмен, сарапшы Әлихан Смайыловты премьер-министрдің міндетін атқарушы, ал Ерлан Қаринді мемлекеттік хатшы етіп тағайындау да болжанған өзгеріс дейді.

“Кетіп бара жатқан Асқар Ұзақбайұлы (Мамин — ред.) және Қырымбек Елеуұлы (Көшербаев — ред.) үлкен жұмыс атқарды және олардың кетуін тек Маңғыстау мен Алматыдағы оқиғалармен байланыстыру әділетсіз болар еді”, — деп есептейді Әшімбаев. — “Смайылов премьер-министр бола ма (партия кандидатураны енгізіп, мәжіліс мақұлдауы тиіс) және ол жақсы премьер-министр бола ма, оны айту әлі ерте.

Ол әлі де “тым астаналық” шенеунік, бірақ көпшілікке танымал

Бірақ Ерлан Кариннің келуін тек құптауға болады. Ол ел үшін көп жұмыс жасаған өте ашық және дана саясаткер және зерттеуші”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз