Неміс теннисшісі Дастин Браун Уимблдонның екінші айналымындағы британдық Энди Марреймен матч алдында ұшып кеп аузына кірген шыбынды жеп қойды.
Оның видеосы Matt Collins-тің Твиттердегі парақшасында жарияланды.
Браун үш сетте де 3:6, 2:6, 2:6 есебімен Маррейге жол берді. Лондон корттарындағы шыбын-шіркейлердің көптігіне басқа теннисшілер де шағымданды, әсіресе матч кезінде жәндіктермен алысумен болған босниялық Дамир Джумхур өз наразылығын білдірді.
https://kaz.365info.kz/pismilla-men-bazar-zhokh-khazakh-madenietinin-kyni-mazakhkha-ajnaldy-video-270296
3 және 15 шілде аралығында Уимблдон-2017 Лондонда өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры 41 миллион долларды құрайды. Айта кетсек, әзірге турнир чемпионы — Энди Маррей.