Уақытша тергеу изоляторында жыныстық зорлыққа ұшыраған Наталья Слекишина моральдық өтемақы ретінде үш миллион теңге алады. Мұндай шешімді кеше Алматы аудандық соты шығарды. Бұл туралы КТКхабарлайды.
Аталған соманы зорлық нәтижесінде өмірге келген қыздың әкесі деп танылған Руслан Хакимов төлеуі тиіс. Қазіргі таңда түрме аумағында жұмысқа орналасқан Хакимов, жалақысын Слекишинаға аударып отырады. Сонымен қатар, Слекишина мен оның адвокаты алименттің есептелуіне де қол жеткізді. Бұл жалақының 25 пайызы.
Әйелдің айтуынша, Омарбеков қылмыс туралы біле тұра ештеңе істемеген. Тіпті зорлық фактісін жасыруға тырысып бағыпты.
Еске салсақ, жақында ғана түрмеден шыққан Слекишина, өзінің қызы мен оның әкесіне қатысты ойымен бөліскен болатын.