Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қамыс арасына кіргізген…”. Жас келіншекті айуандықпен өлтірген жігіттің беті бүлк еткен жоқ (видео)

122

https://kaz.365info.kz/halykh-bilsin-ajsaule-bakhytbek-akesine-khatysty-el-estimegen-estelikpen-bolisti-foto-315561

Үкім оқылғанда 26 жастағы айыпталушы басын бір көтерген жоқ. 19 жыл беріп жатқан кезде залға жиылған  Қуанышбек Құлбековтің туыстары да жазаның ауыр боларын сезген болу керек, селт етпеді. Айта кетсек, оқиға осы жылдың басында болған еді. 40 мың теңге несиесін жаба алмай жүрген таксиші банкоматтан ақша алып тұрған келіншекті көреді.

Үйіңе жеткізем деген желеумен Түркістаннан 30 шақырым жердегі Достық ауылының маңына апарады.

Көлігін қалың қамыс арасына кіргізіп, сөмкенің бауымен қылғындырып өлтіріп, марқұмның 205 мың теңгесі мен смартфонын алған. Және осы телефонды сатамын деп жүріп ұсталған болатын.

https://kaz.365info.kz/ol-khyzga-yjlenbejsin-akesi-balasynyn-kozin-khasykhpen-ojyp-algan-foto-315544

Қолға түскен кезде ақталып баққан Қуанышбек Құлбеков екі аптадан соң тергеушілерге қылмысын мойындап, келіншектің мәйітін де көрсеткен. Қаскөй мен оның құрбандығының артында кәмелетке толмаған қос-қостан балалары қалды. Марқұм Әйгерім Тасболатованың жетімдерін бағып отырған жақындары 19 жыл жаза жауыз үшін тым жеңіл деп отыр. Бірақ апелляциялық шағым беретін-бермейтіндері түсініксіздеу болып қалды.

Дариға Айдарова, марқұмның анасы:

– Қанағаттанбаймын, 20-25 жыл берсін. Алла берсін жазасын. Құдайға тапсырдым. Анасын іздейді жылап, келеді деп қоямыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз