Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркістанда бір күннің ішінде жер телімі 1 миллион теңгеге қымбаттап кеткен

“Жалға берілетін пәтерлер тәулігіне 3 мың мен 5 мың теңгенің арасында. Көп сатушылар, яғни жерін, үйін сатам дегендер ниеттерінен айнып қалды. Өйткені, бағаның бұдан шарықтарына сенімді. Сатпай қойғандар көбейді, сөйтіп. Қаланың кіре берісінде орналасқан жылжымайтын мүлік бағасы бірден шарықтап кетті. Өйткені жаңа орталық, яғни Түркістанның іскерлік-әкімшілік орталығы болатын аумақта жер телімінің бағасы ұшып кетті”, – дейді қала тұрғыны, жылжымайтын мүлік саудасымен айналысушы Гүлнәр Ташбулатқызы.

 

https://kaz.365info.kz/deputat-tyrkistan-oblysy-turaly-khazhetti-zannamalykh-khyzhattar-azirlenetinin-ajtty-320465

162 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан қаласының жалпы жер аумағы 19 мың 627 гектар. Жаңа мәртебеге ие болған көне шахардың жер көлемі 35 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ.

 

“Түркістанда адам толып кететініне сенімдімін. Түркістан ол тоғыз жолдың торабы. Темір жол бар. Түркістан “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” бойында орналасқан. Біле білсеңіздер, Қызылорда мен Ақтөбе сынды бірқатар еліміздің қалаларынан арнайы келіп, жеміс жидекті, көкөністі Түркістаннан алып кетеді ,- дейді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев.

Түрленетін Түркістан қаласы солтүстік, оңтүстік- шығыс бағытына қарай созылмақшы. Сәулетшілер Қожа Ахмет Яссауи кесенесі келбетінің көмескіленіп, яғни жабылып қалмауына баса назар аударып отыр.

Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев: “2020 жылға қарай облыс орталығы Түркістандағы құрылыстардың барлығы аяқталуы тиіс. Мемлекеттік мекемелердің барлығына бірдей бірден ұсына қояр ғимараттар жоқ. Есесіне, Түркістанда кәсіпкерлік нысандары, ғимараттар жеткілікті. Уақытша жалға алып, амалдауға болады деп ойлаймын”, – деді.

 

https://kaz.365info.kz/320379-320379

Айта кетейік, Түркістандағы азық түлік және киім кешек бағасында әзірге тұрақтылық бар. Мәселен, кәдуілгі азық-түлік дүкенінен қызынақтың келісін 100 теңгеге, картопты 90 теңгеге, өріктің келісін 100 теңгеге сатып алуға болады екен. Ең қымбат, элиталы деген түркістандық ресторанда кешкі ас ішу үшін екі адамға орташа есеппен 20 мың теңге қажет болса, ортаңқол кафеларде 10 мың теңгенің өзі жеткілікті.

 

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз