Шардара ауданының Жаушықұм алқабында тіркелмеген 24 су соратын қондырғы анықталды. Бұл заңбұзушылықты Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары тексеру кезінде тапқан.
2025 жылдың бірінші тоқсанында 20 тексеру барысында 26 заңбұзушылық тіркеліп, 133 әкімшілік айыппұл салынып, жалпы сомасы 13,3 млн теңгеге жетті. Бұған дейін 2024 жылы 439 тексеру нәтижесінде 1 855 заңбұзушылық анықталған болатын.
10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енеді. Бұл кодекс инспекцияларға жедел әрекет етуге құқық береді. Сонымен қатар, су заңнамасын бұзғандарға қатысты жазалау шаралары қатаңдайды, – деп мәлімдеді министр Нұржан Нұржігітов.