Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Түркіменстанда гуманитарлық көмекті сатып, ұялы телефондарды тексеруде — БАҚ-қа шолу

208

Түркіменстанда 21 шілде мен 1 тамыз аралығында ірі сауда орталықтарының, базарлардың, театрлардың, саябақтардың, қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының, спорт объектілерінің жұмысы тоқтатылды. Мейрамханалар, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары  үйге жеткізу қызметіін көрсете алады. Адамдар көп жиналатын жерлерде енді екі метр қашықтықты сақтау қажет.

Алайда, билік елде аурудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ деп мәлімдейді,

— деп хабарлайды Азаттық.

Ресми ақпарат бойынша, шектеулер «жұқпалы аурулардың алдын алу» үшін енгізіледі.

Бірнеше күн бұрын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы республика билігін елдегі коронавирус бар болған жағдайдағыдай қоғамдық қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырды. 14 шілдеден бастап жолаушылар үшін темір жол тасымалы тоқтатылды, ал күндіз денсаулық сақтау саласының шенеуніктері азаматтарды көшеде медициналық бетперде киюге шақырды.

Азаттықтың мәліметінше, елордалық және өңірлік ауруханалар қызметкерлерінің арасында науқастанғандардың саны артып келеді, медициналық мекемелер пациенттерге толы.

Еліміздің барлық өңірлерінде пневмониядан қайтыс болғандардың саны күрт арқаны байқалады

Журналистердің мәліметі бойынша, пациенттер COVID-19-да тест тапсырды, көп жағдайда коронавирус расталуда. Алайда биліктің оны не себепті жоққа шығарып отырғанын хабарламайды.

Коронавирустың түркімендік штаммы «аса қатыгез»

Turkmen.news порталы да коронавирус белгілері бар науқастар саны күн сайын артып келе жатқанын растайды. Адамдар аса қажет болмаса үйден шықпауға тырысады, бірақ

маскалар мен дәрі-дәрмектер тапшы, оларды алу үшін дәріханаларда ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр

— Түркменабад балабақшаларында күн сайын балаға үш маска әкелуді талап етеді, ал дәріханаларда бір қолға екі дәріден артық сатылмайды. Бірнеше дәріханаға барып, өзіңмен бірге туысыңды алып жүруге тура келеді, — деп хабарлайды портал.

Вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны артуда.

—Сонымен қатар түркімендік медицина қызметкерлері еуропалық елдердегі немесе АҚШ-тағы әріптестері секілді керек-жарақпен қамтамасыз етілмеген және ақпаратты жарияламау туралы міндет жүктелген. Алайда қандай да бір ақпараттар бәрібір сыртқа шығып, халық арасына  таралуда, — делінген жарияланымда.

Денсаулық сақтау саласына жақын дереккөздің айтуынша, Түркіменстандағы коронавирустың штамы аса қатыгез. Пневмониядан кейін қалпына келу қиын және ұзақ уақытқа созылады.

Ашхабадта коронавирус сынағын тапсыру мүмкін емес. Симптомдары бар адамдарды бір ауруханадан екіншісіне қуып жібереді.

Қала тұрғындарының бірі өзінің оқиғасымен бөлісті. Алдымен оқу орталығында болып, оны ол жақтан мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің Қоғамдық денсаулық және тамақтану орталығына жібереді.

Алайда, онда тест тапсыру үшін отбасылық дәрігерге жүгіну керек екені және оны басқа ауруханада жасайтыны анықталды

Медицина орталығының қызметкері бірінші кезекте пациенттің Ашхабадта тіркелгендігін сұрады. Оның айтуынша, тіркелмегендерге астанада тест тапсыруға тыйым салынады.

Ауырғандар саны артуда, бірақ дәрігерлерді демалысқа жіберуде

Өлім-жітім жағдайлары көбеюде. Қайтыс болғандардың арасында дәрігерлер де, шенеуніктер де бар.

— Облыстық онколог-хирургтың коронавирус тапсырған тесті расталған нәтиже көрсетті. Велаяттағы Денсаулық сақтау басқармасының екі қызметкерінде осындай нәтиже бар. Ауруханаларда бос орын жоқ, — деп хабарлады Түркменабадтағы Денсаулық сақтау жүйесі мекемесінің ақпарат көзі. — 700 орындық көпсалалы ауруханада да толып кеті, жаңа пациенттерді қабылдайтын орын жоқ, 200 орындық инфекциялық аурухана да дәл осындай жағдайда.

18 шілдеде Туркменабадта Фрап этрабының әкімшілігінің басшысы Хасан Меткулиев қайтыс болды. Өлімнің себебі ретінде пневмонияны көрсетті.

Елордалық ауруханалар да пациенттердің көбеюімен күресуде.

Алайда жеке клиникалар науқастарды қабылдамайтын болды, ал дәрігерлерді еңбек демаллысына жіберуде

Сонымен қатар,  мекемелер мен кәсіпорындадың меншік нысанына қарамастан қызметкерлерді кезең-кезеңмен демалыста жіберу ұсынылды.

Бұрын Түркіменстанда маска киюге тыйым салынған, енді бұл міндетті.

Кейбір жағдайларда халық масканы өзіндік құнынан жоғары бағаға сатып алуға мәжбүр

Халықтық емдеу әдістерінен бас тарта бастады

21 шілдеде

кейбір бюджеттік ұйымдарда гуманитарлық көмекке келген медициналық маскалар сатыла бастады

деген хабарлама пайда болды.

Қызметкерлер құны 15 манат тұратын масканың бірнешеуін сатып алуға міндетті (Түрікменстанның ресми бағамы бойынша $4-дан сәл артық — $1/3,5 манат — ред.).

— Әрбір бюджет қызметкері 10 маскадан сатып алуға міндетті. Фарапта жергілікті медициналық мекеме қызметкерлері екеуін сатып алуы тиіс. Жергілікті дәріханаларда маскалар мен импорттық өндіріс көзілдірігі жоқ, — деп хабарлады Түркменабадтан.

ДДҰ өкілдерінің Түркіменстанға сапарынан кейін COVID-19-пен күреске арналған гуманитарлық көмек келіп түсе бастады. Құны шамамен 430 мың АҚШ доллары болатын жүктің құрамында 320 мың медициналық маска, ондаған мың респиратор, бет қалқандарын, қорғаныш медициналық көзілдірігі мен халаттар бар.

«Ориент» жартылай ресми басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы симптомдар байқалған кезде халықаралық ішкі аурулар орталығына және «Ниязов» ауруханасына жүгінуге шақырды. Бұған дейін ел басшылығы мен мемлекеттік басқару органдары халықтық емдеу әдістерін насихаттаған еді. Мәселен адыраспанмен ғимараттардың ішін түтіндетуді міндеттеді

Ақпаратты кім «жария етті»?

Мар провинциясында ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері полиция қызметкерлерінің ұялы телефондарын тексере бастады.

— Олар елде түсірілген түрлі ақпарат пен бейнелерді шетелдердегі тәуелсіз басылымдарға қызметкерлер жария етуі мүмкін деп күдіктенеді, — деп мәлімдеді журналистерге қорғаныс күштерінің бір қызметкері.

Елдегі өмір туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен шетелдік басылымдарда жиі жарияланады.

Кейбір қызметкерлердің телефонынан әлеуметтік желілерде жарияланған сыни көзқарастағы бейнероликтер табылды

Жақында Turkmen.news көшенің қиылысында отырған жас келіншектің видеосын жариялады. Ол өміріндегі қиындықтарды айтып шағымданады, ал полиция қызметкері оны жол жүру бөлігінен алып кетуге тырысады. Видеоны түсірген оператордың кім екені белгісіз, бірақ полиция қызметкері видео түсірілімге еш қарсылық көрсеткен жоқ. Сонымен қатар, бейне авторы әйелдің көшеден кетуін талап етті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Лебап және Мары провинцияларында табиғи апат пен қирандылардың видеосы пайда болған. Биліктің апат салдарын жою үшін ешқандай әрекет қабылдамауы Түрікменстанның ішінде және одан тыс жерлерде наразылық тудырды.

— Полицияның айтуынша,

қандай да бір құпия ақпарат шетелге таралып кеткен жағдайда олар жұмыстан босатылады,

ал оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды өз дереккөздерінің порталы.

Алайда, қорғаныс күштерінің бір бөлігі телефондарды тексеру туралы екі күн бұрын ескерту алғандарын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз