Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Түркіменстанда дағдарыс: аш-жалаңаш түркімендер Қазақстанға қаптай ма?

177

Елде орын алған азық-түлік тапшылығы – ұзақ мерзімді сипат алған құбылыс. Оның алғашқы нышандары 2016 жылы біліне бастаған.

— Ол кезде

ел президенті Гурбанғұлы Бердымұхамедов Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болған. Ресей оған 1 млрд доллар шамасындағы азық-түлік несиесін берген.

1 миллиардтан да астам ғой деймін,

— дейді сол жағдайды еске салған Князев.

Сол дағдарыс әлі біткен жоқ, қазіргісі соның жалғасы.

Әлбетте, бұл осы аймақта белгілі бір алаңдаушылық тудыруы әбден мүмкін. Өйткені көрші елдегі кез келген күйзеліс сақ болуды талап етеді. Дегенмен Князев аймаққа (оның ішінде, атап айтқанда, Қазақстанға) төнген ешқандай нақты қауіпті көріп отырған жоқ.

Қазақстанға Түркіменстаннан босқындар қаптауы мүмкін деген болжамды Князев мүлдем жоққа шығарды. Оған себеп – аталмыш елдің жабық мемлекет болуында.

— Қазіргі таңда бұл елге кіріп-шығу қатаң шектелген. Мүмкін, кейбіреулер елден кетуге талпынар, бірақ ол жаппай сипат алмайды., — дейді ол.

Наразылық кенеттен туындамайды, оны әр уақытта мұқият дайындайды

Дегенмен шығыстанушы аталмыш елде наразылықтар жаппай сипат аплмайды деген сенімде. Өйткені оның айтуынша, Түркіменстанда наразылықтарды ұйымдастыруға қабілетті оппозиция да жоқ. Ал Князев наразылықтардың, шын мәнінде, кенеттен пайда болу мүмкіндігіне мүлдем сенбейді.

— Әлеуметтік күйзелістер азық-түлік дағдарысы салдарынан орын алмайды. Кез келген наразылықты, бас көтеруді елдегі жағдайға көңілі толмаған элита ұйымдастырады.

Кез келген елде осылай болады. Түркіменстанда ондай наразы топ бар шығар, бірақ ол өте мардымсыз. Сондай-ақ олардың қолында қомақты қаржы, елге елеулі әсер ететін тетіктер де жоқ, — дейді сарапшы.

Бұдан бөлек, Түркіменстанда билік кез келген наразылықты бірден басып тастайды.Оған биліктің шамасы жетеді.

Түркіменстандағы қалыптасқан жағдай көрші елдерге зардабын тигізе қоймайды, Ары кетсе, кейбір сауда-экономикалық қарым-қатынастар үзіліп, тауар тасымалдауда шектеулер пайда болар. Одан арыға бара қоймас. Бірақ бұл теориялық тұрғыдан алғанда, ал нақты өмірге келсек, Князев ондай ештеңе болмайды деген сенімде. Тым құрығанда, жақын болашақта.

Саясаттанушы Рустам Бұрнашев Түркіменстандағы жағдайға сақтықпен қарайды. Өйткені, оның айтуынша, елдегі шынайы ахуал туралы ақпарат өте аз. Біз тек оппозициялық басылымдар тартқан ақпаратқа ғана жүгіне аламыз. Ал егер олар шетелде шығатын болса, олардың өздері де шынайы ақпаратқа зәру. Бұрнашевтың өзі байыптап айтқандай, «ол ақпараттарда шынайы ахуалдан ауытқушылықтың болуы әбден мүмкін». Бұдан бөлек,

Оппозициялық БАҚ «ахуалды өте өткір баяндауға әуес»

Түркімендік босқындардан қорқудың реті жоқ

Дегенмен аталмыш елде азық-түліктің жетіспейтінін сенімді түрде айтуға болады, дейді сарапшы. Бірақ мұның қаншалықты қауіпті екенін дөп басып айту қиын.

— Мұндай жағдай Түркменстанда алғаш рет орын алып отырған жоқ.

Атап айтарлығы, бұрынғылары ешқандай дүрбелең тудырған емес.

Не саяси, не әлеуметтік дүмпу болған жоқ, — дейді жағдайды сараптаған Бұрнашев.

Оның айтуынша, түркімен қоғамы қазіргі таңда қалыпты өмір сүріп жатыр, оны басқару да билікке айтарлықтай қиындықтар тудырып отырған жоқ. Сондықтан

бұл жолы да айтарлықтай бір нәрсе болады деудің реті жоқ

Сонымен қатар, Бұрнашев көрші елдерге төніп тұрған, болуы мүмкін деген босқындарды қоса айтқанда, ешқандай қауіп-қатерді де көріп отырған жоқ. Біріншіден, оның айтуынша, Түркіменстан халқы соншалықты көп емес (бар-жоғы 5,5 млн адамдай). Ал елден кетуге ниет білдіргендер санының одан да аз болатыны айдан анық – бүкіл түркімен үдере көше қоймас. Барлығының бірдей ондай қадамға шамасы келе қоймас.

— Түркменстаннан Орталық Азияның басқа елдеріне кенеттен қоныс аудара салу оңай шаруа емес.

Елден кетуді визалық тәртіп шектейді. Ал Қазақстан туралы айтар болсақ, Түркіменстанмен түйіскен шекарамыз да соншалықты үлкен емес. Оның үстіне, ол аймақта халық аз тұрады, — дейді сарапшы.

Тіпті, біреулер елден кетуге қол жеткізді дегеннің өзінде —

мигранттар саны соншалықты мардымсыз болғандықтан, олар біздің еліміздегі не әлеуметтік, не экономикалық ахуалға еш қандай әсерін тигізе алмайды.

Көршілерге әсерін тигізе алатын бір-ақ жағдай бар, ол –

Түркіменстандағы биліктің аяқ астынан өзгеруі.

Бірақ Бұрнашев ондай жағдай орын алуы мүмкін деуге еш қандай негіз жоқ деген сенімде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз