Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Түркіменстанда азық-түлік дағдарысы аясында мал өлімі орын алуда

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Түркіменстанның батысында мыңдаған ірі қара мен ұсақ мал құрақшылықтан қырылып жатыр, деп хабарлайды Азатлық. Бірақ елдегі ресми ақпараттық саясат салдарынан келтірілген залалды анықтау мүмкін емес.

Каспий жағалауында орналасқан Балқан уәлаяты – елдің негізгі мал шаруашылығы аймақтарының бірі. Соңғы жылдары ол судың жетіспеушілігінен, мал өлімінен және жұмыссыздықтың артуынан қатты зардап шекті.

Жыл басынан бері мал шаруашылығы фермалары мен бірлестіктерінде малдың жаппай қырылып жатқаны туралы хабарлады

Алдымен қыстың аязынан, содан кейін жаздың құрғақ әрі аптап ыстығынан.

Жергілікті малшылардың айтуынша, 2021 жылы мал жаю бұрынғыдан да қиын болған. Ауа температурасы 45 градустан жоғары. Теңіз мен шөлдің арасындағы жайылымдарды құм төбелер  басқан. Мұндай жағдайда ірі қара мал сусыз және азықсыз қырылуда.

Объект бар, жабдық жоқ

Жақында Берекет ауданында жаңа су қоймасы пайдалануға берілді. Ол Қарақұм каналынан егістіктерге су жіберуге арналған. Бірақ жергілікті тұрғындар арнадан мың шақырым жерде орналасқан жаңа нысан бүкіл аймақтың су мәселелерін шеше алмай ма деп қорқады.

Тұрғындардың айтуынша, оның пайдалануға берілуі халыққа қосымша қиындық әкеледі.

– Ашылу салтанатында бәрі жақсы көрінуі үшін олар Қызыларбат, Мағтымғұлы және Гаррыгал маңындағы ауылшаруашылық алқаптарына жеткізілетін суды өшірді

Онымег жаңадан салынған су қоймасын толтырды, – деді атын жасыруды өтінген сумен қамтамасыз ету мекемесінің  маманы.

Сондай-ақ, ол су қоймасы Гаянлы, Гарабогаз немесе Небитдагқа жақын маңдағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету мәселесін шеше алатындығына күмән келтіреді, өйткені болашақта жиналатын суды пайдалану үшін станциялар, сорғылар және басқа жабдықтар қажет, ал оларобъектіде қарастырылмаған.

Соңғы жылдары ел су мен азық-түліктің тапшылығына тап болып отыр. Соның ішінде Балқан уәлаятында мал шаруашылығы мен балық аулау қиын жағдайда қалды. Бұл аймақта жұмыссыздықтың артуына, жұмыс іздеуші тұрғындардың қоныс аударуына, мектептердің, медициналық пункттердің жабылуына және 60-70 жылдық тарихы бар ондаған ауылдың жойылуына әкелді.

Билік интернетке кіруді шектеудің жаңа әдістерін ойлап тапты

Сонымен қатар, Азатлыктың хабарлауынша, өңірлердің бірінде “Түркментелеком” компаниясының жергілікті филиалына жетекшілік ететін Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкері,

азаматтарды VPN қолданбаймын деп Құранға қол қойып ант беруге мәжбүрлеген

Бұрын маңызды деп саналатын ант қабылдау үшін түрікмендер «Рухнама» деп аталатын кітапты ұстап тұрып ант беруге мәжбүр болған. Жасыл мұқабасы бар бұл кітапты Түрікменстанның Тұңғыш Президенті Сапармурад Ниязов жазған деп саналған.

Тамыздың басында интернет-технологиялар мәселелеріне мамандандырылған Comparitech жариялаған есепке сәйкес,

Түркіменстан интернеттегі цензура бойынша ең нашар елдердің бірі болып саналады

Беларусь, Иран, Қытай, Солтүстік Корея және Сириямен қатар.

Түрікменстанда Facebook, Twitter, YouTube және т.б. барлық танымал әлеуметтік желілер бұғатталған.

Бірақ Comparitech басылымы елде VPN пайдалануға тыйым салатын заңдар жоқ екенін атап өтті. Алайда, іс жүзінде билік ел азаматтары оларды пайдаланбауы үшін әртүрлі әдістерді қолдануда.

Ресми түрде, елде коронавирус жоқ, бірақ науқастар көп

Түркменабад (Лебап уәлаяты) ауруханасының дәрігерлеріне жұмыс орнынан кетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Turkmen.news. Біраз уақыт бұрын аурухананың жеке блоктарын бірінен кейін бірін жапқан,

бірақ қазір дәрігерлер тіпті үйлеріне қайта алмайды,

олардың үнемі жұмыста болуына жағдай жасалды.

Дереккөздердің хабарлауынша, қалада науқастар көп, оның ішінде жастар да бар.

Фараб этрапы толықтай карантинге жабылды. Ковидтің өршуіне байланысты шілде айында мәжбүрлі түрде вакцина сала бастады. Түркменабад – Ашхабад бағытындағы пойыз тоқтатылды. Бірақ адамдар карантин талаптарын бұза отырып, әлі де аймақтар арасында жол жүруде.

Ахал уәлаятындағы педиатр Ашхабадтағы ковидке байланысты жағдай қиын екендігін айтты. Чоганлыдағы жұқпалы аурулар ауруханасы коронавируспен ауыратын науқастарға толы, тіпті оң ПТР бар балалар да жатыр.

– Менің қарамағымдағы ауданда 2 айлық бала ауырды, — деді дәрігер. – Расында, ата-анасына қарағанда әлдеқайда жеңіл өтті – негізінен тамағы қызарып, дене қызуы көтерілді. Бірақ үлкен балаларда, мысалы, жасөспірімдерде, өзін жайсыз сезінумен қатар дәм мен иіс сезудің жоғалуына байланысты тәбеттің болмауы қосылған.

Ашхабадта вакцина салу кезегі 18-22 жас аралығындағы жастарға жетті. Билік елде коронавирустың бар екенін әлі де жоққа шығаруды жалғастыруда. Алайда, адамдар көбінесе бүкіл отбасымен, соның ішінде балаларымен бірге жиі ауыруда және Covid-19 белгілерімен қатар байқалуда.

– Елдегі азаматтар өздері ауырып қана қоймай басқаларға да жұқтыруда. Олар қоғамдық көлікті пайдаланады, мемлекеттік дүкендерде кезекте тұрады, өздері немесе отбасы мүшелерінің біреуі ауырып жатқанын біле тұра үйлену тойларына барады, мешіттер мен шаштараздарға барады. Саналы түрде оқшауланудың орнына немқұрайлылық пен өзімшілдік басым. Бірақ

көбіне адамдар мұқтаждықтан солай істеуде: ақша табу, азық-түлік сатып алу, банкоматтан қолма-қол ақша алуға барады, — деп жазады басылым.

БАҚ коронавирустық инфекцияның жағдайы туралы ештеңе айтпайды, адамдар ақпараттық вакуумда өмір сүруде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз