Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түркімендер нан тапшылығына төзбей, елден көшіп жатыр

4506

Тұрғындар нан мен ұн тапшылығынан амалсыз көшетінін ашып айтты. Бұған дейін ай сайын бірінші сорттағы ұннан алты келі беріліп келсе, қазір бірінші сорттан бес келі және қара ұннан бір келі ғана сатылады. Бірақ қара ұнның өзін бірінші сорттағы ұнның бағасымен сатады. Бір келі ұн – 1 манат.

Әсіресе ауылды елді мекендерде жұмыссыздық жайлаған, алды келі ұнның өзін сатып алуға кейбір адамдар ақша таппай отыр. Оны уақытылы сатып алмаса, ол келесі айға қосылмайды.

Ұн мемлекеттік дүкендерге аз түседі, оның өзінде кешігіп келеді. Сол себепті тұрғындар ертерек кезекке тұруға асығады.

Кейде дүкен алдында 200 және одан да көп адам кезекке жиналып қалады. Адамдар кезекке таңғы сағат 6-дан тұрады. Халық кісі басына екі бөлкеден үлестірген күннің өзінде, нан барлығына жетпейтінін түсінеді. Соған байланысты кейде кезекте тұрған адамдар жиі керісіп қалады. Ірі қалалар болмаса, полиция мемлекеттік дүкендердегі тәртіпке қарай бермейді.

Шетелге көшу қиын, бірақ ауыл тұрғындары соңғы ақшаларын жинастырып, көршілері мен таныстарынан қарыз алып көшуге мәжбүр.

Кейбіреулеріне шетелдегі туыстары азын-аулақ қаражат аудару арқылы көмек көрсетеді.

 

Дереккөзcentralasian.org 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз