Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Цифрландырудың игілігін кім көруде?

1743

Осы сұрақтарды республикалық «Литер» басылымы қазақстандық үш маманға қойған екен. Олардың жауабы мынадай:

Куаныш Қалижанов, Uni Assistance консалтинг компаниясының иесі:

Цифрландыру адам факторын жою үшін қажет емес пе? Жемқор біреу өзіне тапсырылған ақша-байлықты баяғы әдетіне салып жеп қоймауы, талан-таражға салмауы үшін цифрлық құралдар пайдалы. Сосын денсаулыққа қауіпті өндірісте, асқан дәлдікті қажет ететін салаларда адам орнын техника басуы тиіс. Ауыл шаруашылығында да, мысалы, болашақ астықтың есеп-қисабында цифрлық технологиялар қажет. Ал құқық қорғау органдары жүйесінде бұл қылмыс деңгейін болжауға септігін тигізе алады. Медицинада цифрландыру электрондық жеке карточкалар жүйесіне ауысуға жол ашты, ауруларды диагностикалауға (мысалы, IBM Watson) пайдасын тигізуде. Банк саласы, сақтандыру салалары да электронды құралдардың көмегімен алаяқтық әрекеттердің жолын кеседі. Мұндай мысалдары әрине, көптеп келтіре беруге болады. Бірақ соның барлығын біз қазір қолданып отырмыз.

Шырын Оразбаева, қаржылық пәндер бойынша бизнес-тренер, лайф-коуч, медиатор

Цифрландыруды адам өмірін жеңілдететін құрал ретінде қарастырсақ, онда бұл wechat сияқты барлық әлеуметтік желілердің бір платформада коммуникацияның барлық қызметтерімен бірге орналасуы шығар. Ол жер – кез-келген адам өзара сауда-саттық жасасып, кез-келген құнды нәрселермен айырбас жасасуға, оның ішінде ақша да еркін айналатын алаң. Кез-келген есептік құжатарды сол жерде-ақ керек жерге өткізіп, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды да ала беретін мүмкіндік. Қазір мұндай қызметтердің барлығы жеке-жеке қосымша құрал ретінде жүр, ал енді оның бәрі бір жерде болса, қатып кетер еді. Мысалы, мен барлық мемлекеттік қызмет түрлерін e-Gov арқылы пайдаланамын, мемлекеттік ноталарды сатып алу үшін Ұлттық банктің Invest-online қосымшасын қолданамын, мобильді банктерді, infobus сияқты құралдарды пайдаланамын. Қазір тіпті банкке баруды да қойдым, тіпті ақшаны шетелге аудару керек болса да, оны үйде отырып-ақ істей аламын. Кезекте тұрып, оған уақыт шығындаудың қажеті жоқ. Қарап отырсаңыз, цифрландыру халықтың өз уақытын үнемдеуге, жолға кететін шығындарын азайтуға көмектеседі.

Арайлым Әбілқайырова, кадр жөніндегі менеджер

Цифрландыру дегенде ең алдымен есімізге e-Gov түседі. Электронды үкімет көптеген мәселені шешіп, өзінің мобильділігінің арқасында халық арасында үлкен сұранысқа ие болды. Баяғыдай сағаттап кезекте тұрмай-ақ өзіңізге қажетті анықтама, немесе басқа да құжаттарды аласыз. Цифрландыру өміріміздің барлық салаларына енсе – құба-құп болар еді. Қазір бәріміз де мобильді банкингке көшіп алдық. Рас қой? Көптеген қызметтердің ақысын мобильді банкинг арқылы төлеп жүрміз. Халық мұндай жайлы, ыңғайлы құралдарға тез үйренеді. Жалғыз мәселе, электронды қызметтер еліміздің барлық түкпірін қамтамасыз ету үшін интернет байланысы халықтың барлық санаты үшін қолжетімді болса, деймін.

  • Елімізде Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз