Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Тост болмады. Тез тарадық». Ақтөбеде тыныш той өтті

– Тойдың түр-түрін көріп жүрміз. Қонақтар бірінің айтқан сөзін екіншісі қайталап тұрып алады. Жұрт та жалығады. Мен өз тойымның тостсыз өткенін қаладым. Ақ тілегін айтқысы келгендер “тілек бұрышындағы” микрофонды алып, арнайы камераның қызметін қолданып жатты. Біз оны міндетті түрде асықпай қарап шығатын боламыз. Бір байқағаным, тойда сөз берілмегеніне ешкім де ренжіген жоқ, – дейді жас шаңырақ иесі.

Шалқардағы тойға арнайы барған жергілікті журналистердің бірі Алиса Аманова Қонысбек той үстінде сүйіктісіне өз әжесі, кейін анасы таққан алтын жүзікті сыйлағанын айтады. Оны растаған күйеу жігіт “Мен осы жүзікті біраз жылдардан соң Әйкеннің өз келінімізге таққанын қалаймын” деді. Айтпақшы, Қонысбектің сүйіктісі Айкен де тілші.

Қонысбек Терекұлының тойы тостсыз ғана емес, ішімдіксіз де өткен.

«Қонысбек осыдан 5 жыл бұрын жер астына киікотымен ысталған 150 литр қымыз көмген екен. Ішіне шикі қазы салынған қымызды тойдан бір күн бұрын қазып алдық. Бабымен сақталған қымыздың дәмі тіл үйіреді», дейді ерекше тойдың қонақтарының бірі , тележүргізуші Азамат Әбілқайыр.
Тойдың тостсыз өтуі Ақтөбе өңірі үшін таңсықтау жайт.

Өйткені, Ақтөбеде тойға шақырылған қонақтардың тең жартысы міндетті түрде қолына микрофон алып, ұзақ-сонар сөз сөйлейді. Сөз берілмегеніне ренжіп, тоңтеріс мінез таныту да жиі кездесіп жатады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз