Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Тоқаев мемлекеттік аппаратты қысқартуды жеделдетуді ұсынды

133
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты қысқартуды жеделдету қажеттігі туралы айтты.

Пандемия және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көпшілігін қашықтан жұмыс режиміне көшіру мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын және қажет екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырамын. Биыл оларды 10%-ға қысқарту керек, деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев жаңа агенттіктің құрылғанын хабарлады.

Мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және оларды орындау жауапкершілігі тәсілдерін өзгертеміз. Пандемия мен дағдарыс жағдайында қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі мүмкіндігінше жұмыс істеді. Шұғыл тапсырмаларды шешу үшін уақыт пен ресурс қажет, бірақ болашақты да назардан тыс қалдырмау керек. Сондықтан мен президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Мұндай орган бұған дейін болған және жүктелген міндеттерді табысты орындап келді, енді ол мемлекеттік жоспарлаудың бүкіл жүйесінің орталық буынына айналады, — деп атап өтті президент.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз