Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

ТМД мен ШЫҰ елдері трансұлттық қылмысқа қарсы күрес мәселесін өзара талқылады

144

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

29-қараша Санкт-Петербургте өткен бұл отырысқа ТМД және ШЫҰ елдерінің, атап айтқанда Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Пәкістан жоғары қадағалау органдарының басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер-Ауғанстан, Иран және Моңғолия өкілдері қатысты.

ТМД мүше мемлекеттер Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысы аясында Бас прокурор Жақып Асанов «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жеңілдету және жеделдету» тақырыбында баяндама жасады және Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасы аясында қылмыстық процессті оңтайландыру бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарының тәжірибесімен бөлісті.
ШЫҰ талқылауының басты тақырыбы «Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстарға қарсы әрекет ету» болды.

Сапар барысында Жақып Асанов Қытай Халық Республикасының Бас прокуроры Цао Цзяньминмен екі жақты кездесу өткізді. Кездесуде өзара түсіністік және шекаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Бас Прокуроры Юрий Чайка және Ауғанстан Ислам Республикасының Бас прокуроры Мұхммед Хамидимен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз