Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

«Тілек шыршасы»: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 228 баланың арманын орындады

122

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы мен Алматы облысының 15 медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі мүмкіндігі шектеулі және өміріне қауіп төндіріп тұрған аурулары бар  3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар өз тілектерін жолдады. Акцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан ерекше балалар қатысты.

10 жасар Хафиза Құрбантаева «Тілек шыршасына» арманын жазып хат жолдады. Қыз үлкен қуыршақ үйінің болғанын армандаған. Анасы Гүлжахан Қылышбекқызы алты баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын айтты. Бірде әйел қызының аузынан Аяз Атаға жыл сайын хаттары жетпейтінін және тілектері ешқашан орындалмайтынын естіпті.

— Биыл баламның арманы орындалды, сол үшін бақыттымын. Балаларымыз жыламасын, бүлдіршіндердің бақытына немқұрайлы қарамайтын осындай ұйымдастырушылардың арқасында олар тек күліп, қуанып жүре берсін! Алғысым шексіз, — деді Гүлжахан Құрбантаева.


Жаңажылдық ғажайыпқа 228 бала куә болды. Кішкентай қазақстандықтардың орындалған тілектерінің қатарында: кистевті эспандер, үйде оқуға арналған планшеттер, спорттық киімдер, ойыншықтар, кітаптар, музыкалық аспаптар, бассейнге арналған абонементтер, конструктор жинақтары, баланы дамытуға арналған ойындар, суретшіне қажетті құралдар, визажист мамандығын оқытуға арналған сертификаттар және т.б.  заттар сыйлықтар бар.

Арсланбек Бәкіров жалғыз өзі үш баланы асырап отыр. Оның ұлы Аман – кішкентайынан мүгедек. Бала сурет салуға қызығады және ол кенеп матаға сурет салуды қалады. Аман Аяз Атадан мольберт, кенеп және суретші жиынтығын сыйлық ретінде алды.


Туа біткен орталық жүйке жүйесінің кемістігі бар жас коллекционер Леонид Ярухинніңмонеталар коллекциясы толықты. Ол нумизматикамен айналысады, қазір оның қолында Тәуелсіздік мерейтойына арналған коллекциялық тиын бар.

«Тілек шыршасы» – бұл ғажайыптар тудыратын акция, оларға шын сенетіндер бар және осы тұрғыдан әрқайсымыз біреуге сиқыршы бола аламыз.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз