Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Теңгенің 650-ге дейін девальвациясы Қазақстан экономикасын құтқарады — экономист

228

Қазақстанда инфляциямен күресті шындап қолға алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет бірқатар шаралар қабылдады:

  • коммуналдық қызметтердің тарифтері тоқтатылды
  • Қазақстан аумағынан кейбір тауарларды шығаруға тыйым салынды
  • жанар-жағар майдың шекті бағасын белгілеп, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін сыртқа шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынды

Билік әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуін қатаң бақылауға алмақ. Сондай-ақ, азық-түлік жеткізу тізбегін азайтып, оларға үстеме бағаны төмендетті. Бұдан басқа, сауда желілеріне жеңілдікті қарыздар берілетін болады.

Алайда бұл әдістер — қолмен басқару. Жанар-жағар май мен коммуналдық қызметтердің бағасын еркіндікке жіберсе, инфляция одан да тез көтеріледі деген қорқыныш бар. Сонымен қатар, бүгінде көптеген елдерде бағаның рекордтық өсуі байқалады…

Ресей ықпалы

Экономист Рүстем Жансейітовтың пікірінше, Қазақстандағы инфляцияның басты көзі экономиканың әлсіздігімен қатар — Ресей рубліне қатаң байлану болып табылады.

— Ал рубль тұрақсыз, ол әрдайым құбылмалы. Теңге де сондай. Ресей бүкіл әлеммен шиеленіскен қарым-қатынаста, мұның шегі жоқ сияқты. Нәтижесінде  қайтадан экономикалық тұрғыдан жазаға ұшырайды. Бұл бізге тағы да әсер етеді. Біз Ресей Федерациясының күнәлары үшін жанама түрде жауап беріп жатырмыз.

Инфляция бізге олардан ішінара, 50% дәл келеді. Мен бұл туралы бірнеше рет айттым: ЕАЭО Қазақстан үшін үлкен проблемаға және ауыртпалыққа айналды

Бұрындары біз біршама тәуелсіз экономикалық саясатты, оның ішінде қаржылық саясатты жүргізе алсақ, қазір біз Ресейге үнемі жалтақтауымыз керек”, – дейді ол.

Бұл тек бастамасы

Ең өкініштісі, Жансейітовтің пікірінше, инфляция тоқтайды деген болжам жоқ.

— ЕАЭО-дағы өзара іс-қимылды біздікілер жалғастыра бермек, одан шығу туралы айтпағанда. Керісінше, Ресейдің ықпалында бола отырып, ол не тастаса соған қол қояды.

2025 жылға қарай бізде мұнай өнімдері бойынша ортақ нарықтар болады. Ресей Федерациясында бензин бағасы Қазақстанға қарағанда қаншалықты жоғары екенін ескерсек, не болатынын елестете беріңіз. Бізде газдың өзіне митингке шықса, бензин екі есе өссе не болады?

Ресейге инфляциямен күресу оңайырақ, ол үлкен, өндіріс ауқымы жоғары. Бұл тұрғыда бізге қиынырақ. Бізден жай ғана ресурстарды тартып отырады, бірақ дамытуға жол бермейді. Кез-келген азық-түлік дүкеніне кірсеңіз ресейлік экспансия қаншалықты кең екендігіне көз жеткізесіз. Ұқсас өнімдер біздікіне қарағанда әлдеқайда арзан. Қазір адамдардың ақшасы аз екенін ескере отырып, олар арзан тауарларды алады, ал біздің кәсіпкерлер ұтылады”, — дейді ол.

Ұзақ нарықтық механизмдер

Экономистің пікірінше, егер Қазақстанда инфляцияға қарсы күрес аясында жалақыны 50%- ға көтерсе, баға одан әрі пропорционалды түрде өседі.

Инфляцияға қарсы күрес мақсатында теңге бағамын одан әрі тұрақтандыруға тырысатын болады, бірақ бұл валюталық интервенция жүргізу арқылы алтын-валюта қорлары есебінен жасалатын болады. Біраз уақытқа дейін… кейін қайтадан үлкен девальвация жүргізу керек болады

— Инфляцияны тежеудің нарықтық тетіктері туралы айтатын болсақ, оларға Қазақстанда өз өндірісін қарқынды дамыту жатады. Тек қана өзімізде, осында орналасқан және сырттан ешкімге тиесілі болмауы керек, сонда капитал шетелге кетпейді.

Сондықтан мен мұнда ресейлік кәсіпорындардың құрылуын құптамаймын. Өйткені, қаражат Ресейге кетеді. Бірақ жеке кәсіпорындарды құру уақытты қажет етеді. Экономиканың барлық салалары теңдестірілген түрде дамуы керек. Ол үшін шағын кәсіпорындарға қолдау қажет, – дейді Жансейітов.

Радикалды әдіс

Экономист Айдархан Құсайынов инфляциямен күресудің нарықтық әдісі базалық мөлшерлемені көтеру болуы мүмкін деп санайды. Мұны 13-14% дейін жасау керек. Бұл ақша-кредит саясатын қалыпқа келтіреді.

— Инфляцияға тікелей жауап беретін жалғыз орган — Ұлттық Банк. Оның ақша-несие саясатын жүргізуге құралдары бар.

Базалық мөлшерлемені көтеруден басқа, Ұлттық банк өзі тарататын жеңілдікті кредиттерді, оның ішінде, ірі бизнеске беретін кредиттерді алып тастауы қажет. Егер мұның бәрі жасалса, экономикада ақша азаяды

Несие алғысы келетін кәсіпорындар жоғары ставкаларға байланысты бұған бармайды. Тиісінше, жабдық алуды тоқтатады, кеңейту жоспарлары кейінге қалдырылады. Бұл сырттан әкелінген тауарларға сұранысты төмендетеді, сәйкесінше оларға бағаны арттырмайды. Сайып келгенде, бағалар өсуін тоқтатады, бәрі тұрақтана бастайды”, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз