Су тасқыны салдарынан Теміртауда 207 көпқабатты және 4 мыңға жуық жеке үйлер ауыз сусыз қалды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Ауыз судың жетіспеушілігіне су тасқыны себеп болған, өйткені ақпасу халықты ауыз сумен қаматамасыз етіп отырған Сергиополь және Нұра тоғандарын алып кеткен. Тұрғындар 14-сәуірден бері ауыз сусыз отыр.
“Теміртау қаласының Батыс ауданындағы тұрғындар ауыз сусыз қалды. Қазір Опан төбесіндегі “Окжетпес-Т” ЖШС және “АКВА-Трейдинг” ЖШС-нен ауыз су жеткізілуде”, — деп хабарлады Теміртау әкімдігінің баспасөз қызметі.