Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Тегін дәрі көбейді: биыл 3,5 млн астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмек алыпты

111

Өз сөзінде министрлік басшысы халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасының жылдан жылға артып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жақсарып келе жатқанын атап өтті.

– Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қодекс әзірленді және қолданыста, ол денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды да реттейді. Дәрілік заттардың жалпы нарығы жиынтығында 2017 жылы 458,6 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде, 181,2 млрд. теңгесі немесе 40% республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан қаржыландырылатын тегін медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуға жұмсалды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Тізбеге сәйкес, дәрілік заттардың 400 астам атауы бойынша жүзеге асырылады. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету жүйесі еліміздің денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылды – деді сөзін бастаған Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша,

2010 және 2018 жылдар аралығында медициналық препараттарды бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу 31,3 млрд теңгеден 196,6 млрд. теңгеге дейін өскен, осылайша, құрылған сәттен бастап, жалпы үнем 87,6 млрд. теңгені құраған.

Сондай-ақ ол 2018 жылға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды орталықтандырып сатып алудың мәселесіне тоқталып өтті.

Бірыңғай дистрибьютордың 2018 жылға арналған тізімінде барлығы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1 117 атауы бар. Олардың ішінде, 633 атауы стационарлық көмек көрсетуге арналған, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша – 484 атау.

Осылайша, барлығы «СҚ – Фармация» ЖШС қоймасына 2018 жылғы 10-қыркүйектегі жағдай бойынша ДЗ мен ММБ 1069 атауы жеткізілді. Бұл ретте, С вирустық гепатитін емдеуге арналған Софобувир препаратын жеткізу осы препараттың БҰҰДБ халықаралық ұйымы арқылы сатып алынуына байланысты қыркүйек айына күтілуде.

– 2018 жылға арналған амбулаториялық деңгейдегі дәрілік заттарды жіберу 8 өңірде (Атырау, Алматы, Қарағанды, Павлодар, ШҚО, СҚО, Астана және Алматы қалаларында) МСАК жанындағы дәріханалар арқылы жүзеге асырылуда (рецептіні бір жерден жазу және жіберу), бұл дәрілік заттардың қолжетімдігін қамтамасыз ету және халықтың медициналық көмекпен қанағаттану деңгейін арттыру саясатына сәйкес келеді.

Қалған 8 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, БҚО, ОҚО)  дәрілік заттарды босату ДЗ есепке алу және іске асыру қызметін сатып алу арқылы бөлшек сауда дәріханалары арқылы іске асырылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды халыққа МСАК жанындағы дәріханалар арқылы босату бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеді (6,0 млрд. теңге), олар медициналық препараттардың қосымша көлемін сатып алуға қайта жіберілді. Тиісінше, халықты тегін медициналық препараттармен қамту ұлғайды, – деп, мәлімдеді министр.

Елжан Біртановтың айтуынша, қант диабетімен сырқаттанатын ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютордың 2018 жылға арналған тізіміне дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың 48 атауы кіреді.

Бүгінгі таңда қант диабетімен сырқаттанатын адамдарды емдеу үшін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың барлық атауы сатып алынды. Бұдан басқа, жедел ден қою үшін «СҚ Фармация» қоймаларында дәрі-дәрмек жетіспеген жағдайда дәрілік заттардың төмендемейтін қоры құрылды, ол қажеттігіне қарай кез келген сәтте медициналық ұйымдарға жіберіледі.

Бірыңғай дистрибьютор Денсаулық сақтау басқармаларынан өтінім жасалған қажеттілікке сәйкес инсулиндік помпалар үшін шығындау материалдарын қосымша сатып алуды жүргізді, оларға «Медтроник» ЖШС 186 инсулиндік помпаларды тегін жеткізеді.

Сонымен қатар, бірыңғай дистрибьютордың 2019 жылға арналған сатып алу тізімінде жаңадан анықталған пациенттер мен істен шыққан помпалары бар пациенттер үшін әрбір 12 жинақа бір помпадан тегін беру көзделген.

«Бірыңғай дистрибьютордың 2019 жылға арналған тізімі 2018 жылғы шілдеде бекітілді. Тендер Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды және электрондық форматта жүргізіледі. Сатып алу қорытындысы ағымдағы жылғы 17-қазанда жасалады және Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына жеткізу ағымдағы жылғы қараша-желтоқсан айларына күтілуде.

Барлығы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға сомасы 203,5 млрд теңгеге өнім берілді. Қазіргі заманғы емдеу схемасына сәйкес, туберкулез, АИТВ нозологиялары бойынша, дәрі-дәрмектің жаңа атаулары қосылды. Муковисцидозбен ауыратын балалар үшін Креон асып алынатын болады.  Трансплантталған ағзаларды қабылдамау қаупін ескерту үшін микофенол қышқылын сатып алу Сауда атаулары бойынша жүзеге асырылады – деді сөзін жалғастырған Біртанов мырза.

Сондай-ақ министр дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасын бақылаудың ДЗСҰО зертханаларында жүзеге асырылатынын атап өтті, онда зертханалары бар 7 филиал және Алматы қаласында орналасқан 1 сынақ орталығы бар. ДЗСҰО барлық зертханалары халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттелген.

Өзінің сөзін қорытындылай келе, министр,

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау бойынша фармаөндірісті құруға және дамытуға бағытталған жоспарлы және жүйелі жұмыстың, оның ішінде дәрі-дәрмек жеткізуге 10 жыл мерзімге ұзақ мерзімді шарт жасасу арқылы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда «СК-Фармация» ЖШС 1 612 атауды (1050 дәрі-дәрмек және 562 медициналық бұйым) жеткізуге 50 ұзақ мерзімді шарт жасасты, бұл қолданыстағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрі-дәрмек Тізімінің шамамен 73% құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз